Өткен тәулікте Алматы облысында 27 адам КВИ жұқтырғаны анықталды

Соның ішінде Талғар ауданында – 7 жағдай, Текелі қаласында – 5, Жамбыл, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында 3 жағдайдан, Ескелді, Панфилов және Ұйғыр аудандарында 2 жағдайдан тіркелді.
Өткен тәулікте Алматы облысында 27 адам КВИ жұқтырғаны анықталды

Сондай-ақ өткен тәулікте 203 адам емделіп шықты. Өңір "ЖАСЫЛ" аймақта.
21.02.2022 жылғы жағдай бойынша өңірде 485 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 15 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 2780. Төсек-орын жүктемесі – 17,4 %. Жансақтау бөлімінде 22 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 7,8 % құрайды (280 жатын орын).
Соңғы 3 күнде 4794 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 990 911. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2855. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 891 567. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 382.
Құрметті жетісулықтар!
Вакцина коронавирус жұқтырған жағдайда, дерттің асқынып кетуінен қорғайды. Нәтижесінде адамдарға ауруханаға жатудың қажеті шамалы болады. Және екпе алғанда, өлімге әкелетін қайғылы жағдайларды айтпағанның өзінде, коронавирустың ол адамдардың өкпесіне түсіп кетуінен сақтайды.
Екпе – ағзаның қорғаныс қабілетін нығайтады!
Бұл өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпті індеттен сақтау үшін өте маңызды!

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.