САХНАЛАНҒАН ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІ

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы базасында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының, этикалық нормалар мен талаптарды сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге оқыту жүргізді.
САХНАЛАНҒАН ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІ

Мемлекеттік қызметшілер үш апталық қайта даярлау курстары аясында мемлекеттік қызметшілердің әдеп негіздерін оқыды. Оқу барысында Департамент қызметкерлері тәртіптік істі қараумен сахналған Әдеп жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында тыңдаушылар мас күйдегі танысына автокөлікті басқаруға беру фактісі бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы "А" – ны жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырды. Істі қарау барысында жауапкершілікке тартылған қызметкер өз дәлелдерін айтып, комиссия мүшелері оған тиісті сұрақтар қойды.

Дауыс беру нәтижелері бойынша кеңес мүшелері бірауыздан аудан әкіміне жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтамағаны үшін, қоғам тарапынан сынға себеп бергені үшін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің 5-тармағының 2), 7) тармақшаларын сақтамағаны үшін жер қатынастары бөлімінің басшысы "А" – ға "сөгіс" түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсыну туралы шешімге келді.

Оқытудың ұқсас әдістері немесе Мock trials (сот процестерін сахналау) дамыған елдерде оқыту, біліктілікті арттыру және шеберлікті шыңдау кезінде кеңінен қолданылады.

Тренингке қатысушылардың сауалнама нәтижелері оң пікірлер көрсетті. Жалпы, қатысушылар жұмыста қолданылатын көптеген практикалық білім алғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.