ВАКЦИНАЦИЯ ЖӘНЕ РЕВАКЦИНАЦИЯ ҮШІН БАРЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялауға және ревакцинациялауға жататын адамдардың санаты кеңейтілді. Бұл туралы коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.
ВАКЦИНАЦИЯ ЖӘНЕ РЕВАКЦИНАЦИЯ ҮШІН БАРЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Ол 50 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін вакциналық препараттардың барлық түрлері, соның ішінде Pfizer қолжетімді болатынын атап өтті. Pfizer вакцинациясына мүмкіндігі шектеулі адамдарға рұқсат етіледі - бұл бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер.

Сондай-ақ, Pfizer вакцинациясына Қазақстанда "Комирнати" вакцинасымен вакцинациялаудың бастапқы курсын аяқтау үшін шетелде "Комирнати" вакцинасының (Пфайзер) бірінші дозасын алған адамдар жіберіледі. Естеріңізге сала кететін жайт, "Комирнати" (Пфайзер) КВИ – ға қарсы вакцинациялауға жатады: 1) 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; 2) жүкті әйелдер - жүктіліктің 16-дан 37-аптасына дейін; 3) лактация кезеңіндегі әйелдер - бала 2 жасқа толғанға дейін, босанғаннан кейінгі кезең аяқталған соң (42 күннен кейін).

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.