Азаматтық қоғаммен сындарлы диалог және мемлекеттік қызметті насихаттау

Алматы облысының Қаратал ауданына жұмыс сапары барысында Департамент басшысы Ләззат Бейсекұлова жұртшылық өкілдерімен, депутаттармен, волонтерлермен және ауданның мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Азаматтық қоғаммен сындарлы диалог және мемлекеттік қызметті насихаттау

Алдымен Ләззат Бейсеқұлова қатысушыларды Агенттік қызметінің негізгі бағыттарымен және Департаменттің 2021 жылға арналған жұмысының қорытындыларымен таныстырды.
Айтылған ақпарат мемлекеттік қызметкерлердің де, аудан жұртшылығының да ерекше қызығушылығын тудырды. Кездесу одан әрі сұрақ-жауап форматында өткенін ескерсек, сындарлы диалог болды деп айтуға болады.
Сапар аясында Департамент басшысы Л.М. Бейсеқұлова мен               
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі
Е.Ә. Келемсейіт азаматтарды жеке қабылдады, оның барысында тұрғындардың барлық уәждері тыңдалып, сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
Мұнан соң өскелең ұрпақтың мемлекеттік қызмет жүйесі туралы білім деңгейін арттыру, оқушылар мен студенттердің мемлекеттік қызметтің не екенін және оған қалай орналасу керектігін білуі үшін №31 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
Осындай форматтағы жұмыс сапарларының оң әсерін ескере отырып, алдағы уақытта осындай іс-шаралар облыстың барлық аудандары-қалаларында өтеді.
Кездесу карантиндік шаралардың барлық талаптарын сақтай отырып өткізілгенін атап өтеміз.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.