Алматы облысында 110 мың адам ревакцинация курсынан өтті

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда.
Алматы облысында 110 мың адам ревакцинация курсынан өтті

Бүгінгі күні өңір бойынша 318 вакцинация пункті және 76 жылжымалы пункт жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыс тұрғындары ревакцинация курсына белсенді қатысуда. Мысалы, 110 826 адам "QazCovid-in" және "SinopharmVeroCell" вакциналарымен толық иммундау курсынан өтсе, 3145 адам Comirnaty (Pfizer) вакцинасымен қайта вакцинацияланды. Бүгінгі күні облыста вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 921 975 адамға жетті, бұл 77% – ды құрайды, екінші компонентті-857 225 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 71% - ы алды.

 Сонымен қатар, Алматы облысында жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары белсенді жүргізілуде. Облысқа барлығы 380 250 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 64 090 адамды құрайды, оның ішінде 51 423 жасөспірім, 3004 жүкті әйел және лактация кезеңінде 9663 әйел бар. Естеріңізге сала кетейік, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен жүзеге асырылады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.