Вирустан қорған!

Ел көлемінде 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Алматы облысы бойынша 318 вакцинация пункті және 76 жылжымалы пункт жұмыс істейді.
Вирустан қорған!

Облыс тұрғындары ревакцинация курсына белсенді қатысуда. Аймақта 88 722 адам толық иммундау курсынан өтті. Облыста вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 912 274 адамға жетті, бұл 76%-ды құрайды, екінші компонентті 851 309 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 71%-ы алды. Облысқа барлығы 380 250 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. Бүгінгі таңда 44 657 жасөспірім, 3316 жүкті әйел және бала емізетін 8793 әйел осы вакцинаны алды. Жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен жүзеге асырылады.

Текелі қаласында 1501 адам ревакцинациядан өтті. Қалада қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm вакциналары бар. Ал 60 жастан асқан тұрғындарға, жүкті және бала емізетін аналарға, жасөспірімдерге және медицина қызметкерлеріне Комирнати (Pfizer) вакцинасы ұсынылады. Аталған екпені текелілік зейнеткерлер белсенділікпен алып жатыр. Вирустан қорғану үшін вакцинаны қалалық емханада 219-кабинетке келіп алуға болады. Медицина қызметкерлері сенбі, жексенбіге қарамай, күнделікті қабылдайды. Сондай-ақ, үлкен ұжымдарға және сұраныс түсірген мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы бригада екпені барып салады.

Торғын ТҰРЛЫБАЕВА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.