Алматы облысында 600-ден астам оқушы оқитын білім ұясы қашықтықтан оқытуға көшпек

Облыста эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлауына байланысты, эпидемиологиялық бақылау матрицасына сәйкес Алматы облысы Сары аймаққа өтті. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев мәлімдеді.
Алматы облысында 600-ден астам оқушы оқитын білім ұясы қашықтықтан оқытуға көшпек

Алматы облысының аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты облыстың бас санитарлық дәрігері  2022 жылғы 14 қаңтардағы №1 Қаулы шығарды.

Жаңа Қаулыдағы ережеге сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан концерт залдарының, цирктердің, филармониялардың қызметіне, діни бірлестіктер нысандарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шаралар өткізуге (жұма намазы, діни жоралар және т.б.), конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізге және түнгі клубтардың қызметіне тыйым салынады.

Сондай-ақ, «Ashyq» жобасына қатысушы кинотеатрлардың толымдылығы 30% аспауы тиіс делінген бас құжатта.

«Ендігіде 600-ден астам оқушылар оқитын мектептер – қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.ЖОО-ы, арнайы орта білім беру объектілері –  аралас оқыту форматына ауыстырылсып, барлық дәрістер онлайн, практикалық, зертханалық сабақтар ыңғайластырылған кесте бойынша, семинарлық сабақтар штаттық режимде өтеді»,- деді Асхат Сәкенұлы.

Қаулы бойынша, мектепке дейінгі білім беру –  ата-аналардың (заңды өкілдерінің) жазбаша келісімімен оқытудың штаттық форматта жұмыс жасауына болады.

Сонымен қатар, қосымша білім беру ұйымдарында - жеке сабақтар штаттық режимде, топтық - 10 адамға дейін, балалар/ересектерге арналған түзету орталықтарында – жеке және топтық сабақтар 10 адамға дейін штаттық режимде өткізіледі.

Айта кету керек, қызметкерлерде COVID-19-ға қарсы вакцинация және ревакцинация жүргізілгеніне қарамастан, мемлекеттік органдар, ұйымдар және кәсіпорындар персоналының (тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінен басқа) кемінде 70%-ы  қашықтықтан жұмыс нысанына көшуі тиіс.

Другие новости

28.04.2024

28.04.2024

28.04.2024

28.04.2024

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.