60 жастан асқан адамдар Pfizer вакцинасымен ревакцинациядан өте алады

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 "Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы" жаңа қаулысы жарияланды.
60 жастан асқан адамдар Pfizer вакцинасымен ревакцинациядан өте алады

Бұл қаулыда халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұрын қолданыста болған барлық қаулылары біріктірілген.

Сондай-ақ, осы құжатта қосымша мынадай мәселелер көзделген: Comirnaty (Pfizer) вакцинасын қолдана отырып, КВИ-дің ауыр көріністерінің даму қаупі бар медицина қызметкерлерінің, 60 және одан жоғары жастағы адамдардың КВИ-ға қарсы ревакцинациясына рұқсат етілген.

Сонымен қатар, қаулыда КВИ-ға қарсы вакцинация және ревакцинация тактикасының кейбір мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берілген.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.