Әлеуметтік қолдау нәтижесі

Жуырда Текелі қаласы әкімінің орынбасары Т. Дәркенбаевтың төрағалығымен консультативтік-кеңесші кеңесінің биылғы қорытынды отырысы өтті.
Әлеуметтік қолдау нәтижесі

Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырған басқосудың мақсаты – бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылып келгендер мен пробация қызметінің бөлімінде есепте тұрғандарды жұмысқа орналастыру және басқа да әлеуметтік қолдау көрсету, медициналық-психологиялық көмектер көрсету шараларын жүзеге асыру.

Бұл санаттағы азаматтар қалалық әртүрлі мәдени іс-шаралар мен спорттық ойындарға, жарыстарға тартылады. Пробация есебінде тіркеуде тұрған 78 адамның ішінде спортпен айналысатын азаматтар да бар. Олардың екеуі қалада өткен қол күресі мен гір көтеруден жарысқа қатысып, біреуі 3-орын алды. Үш азамат Талдықорған қаласында өткен минифутбол жарысына қатысып, алғыс хаттарға ие болды.

Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға біржолғы әлеуметтік және атаулы әлеуметтік көмектер көрсетіліп жатыр.

Иван Щепкин қаладағы мәдени шараларға қатысып, өз өнерін шыңдауға ниет білдіріп, жеке кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін жаңа бизнес идеясын ұсынып, грант ұтып алды.  Оған плейстейшн ойын қондырғыларын орнатып, кәсібін жүзеге асыру үшін «Металлург» клубынан кабинет берілді.

Отырыста көтерілген кейбір мәселелердің шешімі сол жерде табылды. Екі адам тұрақты жұмысқа жолдама алса, бір адам денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылды.

Осы жылы Текелі қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына 28 адам жүгініп, барлығына мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген.

Отырыста қаралған өзге де өзекті мәселелер мүмкіндігіне қарай шешімін табары сөзсіз.

Ақтолқын ЫСҚАҚОВА, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.