Жетістікке еңбек жеткізеді

Қала әкімі Батыр Молдахметов, қалалық мәслихат хатшысы Николай Калиновский «Еңбек жолы» облыстық конкурсында «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымы бойынша жүлделі 2-орынды иеленген «Текелі энергокомплекс» ЖШС директоры Арман Қайырбекұлы Отарбаевты мерейлі марапатпен құттықтап, еңбегіне табыс тіледі.
Жетістікке еңбек жеткізеді

Баршаға белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құру идеясын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдан бері  елімізде  «Еңбек Жолы» конкурсы өткізіліп келеді. Конкурстың мақсаты – еңбек адамдары туралы қоғамда жағымды пікір қалыптастырып, жастарды еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу, берік ұрпақтар сабақтастығы негізінде еңбек дәстүрлерін сақтап, дамыту, үздік еңбекқор әулеттер мен озат өндіріс жұмыскерлерін ай-қындау.

Тәрбиелік мәні зор осынау конкурс биыл да өз жалғасын тауып, еңбек адамдарының мерейін тасытты. «Текелі энергокомлекс» ЖШС директоры Арман Отарбаев аталған республикалық конкурстың «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында 2-орынды иеленіп, ақшалай сертификатпен марапатталды. 

«Халқымыз адал еңбекті, еңбек жемістерін ерекше бағалайды. Қолымыз жеткен барлық игі жетістіктеріміз – еселі еңбектің жемісі. Әсіресе, ұрпақтар сабақтастығын берік сақтап, еңбексүйгіштікті, кәсіби білім мен мол тәжірибені жас буынға жеткізу үрдісі береке-бірлікті нығайтып, ұжымның кәсібилігін, еңбек өнімділігін арттыруда маңызды мәнге ие. Сіздер, үлгілік, тәлімгерлік дәстүрдің жолын жалғап, жастарға өздеріңіздің білімдеріңіз бен адамгершілік тәжірибелерңізді беріп, оларды еңбекке баулып, жұмыс мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттырып келесіздер. Жастар сіздерден тәлім алып, ел игілігі жолында өз үлестерін қосатынына сеніміміз зор» деп ризашылығын жеткізді қала әкімі.

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ   

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.