Кеңескен істе кедергі жоқ

Қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрысбек Жұмаділов Рудничный ауылының тұрғындарымен кездесіп, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді.
Кеңескен істе кедергі жоқ

Ауылдағы бизнес өкілдері, жастар қатысқан кездесуде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 2-бағыты «Бастау-бизнес» жобасы, сондай-ақ, қайтарымсыз гранттар,  микроқаржылық ұйым «Atameken Zhetysu» ЖШС-ның жеңілдетілген несиелері және «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша кепілсіз несие, инновациялық гранттар туралы жан-жақты түсіндіріліп,  көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді. 

Ақан Ырымжанұлы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.