ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҮСТЕМЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІН БАРЫНША БОЛДЫРМАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен облысымыздың жергілікті атқарушы органдарының үстеме жұмысының себептерін барынша болдырмау мәселелері талқыланып және түсіндіру мақсатында ZOOM платформасы арқылы вебинар-жиналыс өткізілді.
ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҮСТЕМЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІН БАРЫНША БОЛДЫРМАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Іс-шараға аудан, қала әкімдіктерінің аппараттарының басшылары мен  бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшылары, бөлім мамандары қатысты.

Вебинар барысында, мемлекеттік органдардың еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының сақталуын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тартуды болдырмау, еңбек тәртібін бұзуға жол бермеу, еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтау туралы ескертілді, сонымен бірге қатысушылар тарпынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.