Құрметті қала тұрғындары!

«Жекелеген қару түрлерінің айнаымына мемекеттік бақылау жүргізу» туралы ҚР 1998 жылғы 30 желтоқсандағы №339 заңына сәйкес, Ішкі істер органдары келесі жағдайларда қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаттардын қоданысын:
Құрметті қала тұрғындары!

рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған не қару иесі қайтыс болған;

қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы болған;

ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiнің мерзiмі өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 476, 477, 478, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;

ҚР Қылмыстық кодексінің 109, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 346 (бірінші бөлігінде), 379 (бірінші бөлігінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 436, 453 және 461-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;

ҚР заңнамасында көзделген, рұқсаттар алу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар туындаған;

Азаматтық немесе қызметтік қару иесі көрсетілген қарудың конструкциясын қайта жасап, бұл оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соққан;

Азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қарудың және оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистiк талаптарға сәйкес келмеген;

Азаматтық және қызметтік қарудың иесін және (немесе) пайдаланушысын азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырылмаған;

Егер адам экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарында есепте тұрған жағдайларда тоқтатады.

Рұқсаттың қолданысы тоқтатылған жағдайда қолданыс тоқтатылған күннен бастап үш жыл өткен соң оны алу үшін қайталап өтініш жасауға болады. Рұқсаттан ерікті түрде бас тартылған жағдайда оны алуға қайталап өтініш жасау мерзімдері белгіленбейді.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.