Құрылыс жұмыстары қарқынды

Қала әкімі Батыр Молдахметов әр апта сайын тұрақты түрде құрылыс нысандарын аралап, салынып жатқан ғимараттардың жұмыс барысын қадағалауда.
Құрылыс жұмыстары қарқынды

Сейсенбіде, алдымен «Алатау» шағынауданында салынып жатқан әкімшілік ғимаратта болған қала әкімі мердігер компания басшысына нысанның уақытында бітуі үшін құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай сапалы жүргізілуі, сонымен бірге, құрылысшылардың қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы, шырғалаңдарға жол берілмеуі керектігін тапсырды. Екі қабатты ғимараттың негізгі тіреуіштері мен төбелері тұтастай бетоннан құйылып болды. Қазіргі таңда қабырғалары қалануда.
Биыл қараша айына дейін бітуі тиіс 40 пәтерлі 2 үйдің құрылыс жұмыстарын назарға алған қала әкімі, үйді салып жатқан «Шымыр» ЖШС басшыларына жауынсыз жаздың жылы күндерінде жұмысты мүмкіндігінше еңсеріп алуға күш салынуы, құрылыстың техникалық талаптарға сай жүргізілуі үнемі қадағалануы, материалдардың сапасына мән берілуі керектігін ескертті. Cондай-ақ, қазіргідей күрделі эпидемиологиялық жағдайда құрылысшылардың санитарлық талаптарды, естен шығармауы, сақтық шаралын қолдануы керектігін де қадағалады.
Қала әкімі №6 орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстырының барысына да баса мән беріп отыр. Себебі, мектеп қыркүйекте пайдалануға берілуі тиіс. Құрылыс жұмыстарын міндетіне алған «Тау толағай» компаниясының жұмысшылары қазір есіктерді монтаждау мен ауланы абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.