Жиі қойылатын сұрақтар

Атаулы әлеуметтік көмектің аз қамтылған отбасыларды қолдаудың қазіргі уақытта қолданыстағы бағдарламаларынан айырмашылығы?
Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңа форматтағы АӘК пайда болғанға дейін әлеуметтік көмектің кез-келген түріне жүгіну процесі қайталанатын үш қадамнан тұратын циклмен шектелетін: өтініш беру – заңдылықты анықтау – ақшалай көмекті тағайындау және төлеу. Жәрдемақы тағайындалғаннан кейін өтініш беруші үш айға жоғалатын – келесі өтінішін бергенге дейін, ал көмекті тағайындаған маман ол туралы «ұмытатын». Әрине, өтініш берушіге жұмысқа орналасу ұсынылатын, бірақ отба-сының басқа мүшелері бұл процес-ке қатыспайтын.

Жаңа форматтағы АӘК-тің қолданыстағы бағдарламалардан негізгі айырмашылығы – бұл отбасының жекеленген қажеттіліктеріне бағытталған кешенді тәсіл.

Әлеуметтік қорғау практикасында алғаш рет жұмысты өтініш беру ғана емес, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің барлығымен жүргізеді. Оған қоса, алғаш рет жүгінген кезінен бастап отбасымен бір адам жұмыс істейді. Бұл ретте әлеуметтік қорғау органы мен көмек алушының өзара әрекеттесуінің жаңа практикасы қалыптасады.

Атаулы әлеуметтік көмек қан-дай кезеңге тағайындалады?

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңі төлем түріне байланысты.

Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға (3 ай) тағайындалады және ай сайын төленеді.

Жаңа тәртіп бойынша шартсыз ақшалай көмекті тағайындау мерзімі 6 айға дейін ұзартылды.

Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзіміне тағайындалады.

Жаңа тәртіпке сәйкес әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімі 12 айға дейін ұзартылды.

Шартты ақшалай көмек өтініш берушінің өтініші бойынша ай сайын
немесе үш айға бір рет төленеді.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қайда жүгіну қажет? Қандай құжаттар қажет?

Бүгінде үміткерлерге атаулы әлеуметтік көмек алу үшін – тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгіну қажет.

АӘК тағайындау үшін өтініш беру және мынадай құжаттарды қоса беру қажет: 1) жеке басын куәландыратын құжат; 2) АШБ-ның болуы туралы мәліметтер; 3) банктік шот нөмірі туралы мәліметтер; 4) туу туралы куәлік (қайтыс болған) баланың (балалардың); 5) неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы куәлік; 6) оқу орнының анықтамасы.

Жаңа тәртіпке сәйкес үміткер-лерге атаулы әлеуметтік көмек алу үшін – тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне – белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінуге болады.

Орталық уәкілетті орган айқын-дайтын тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды жинауды тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерлерде – кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асыратын болады.

Енді атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш берушілердің құжаттарын ұсыну талап етілмейді.

www.enbek.gov.kz

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.