Менің елім – менің отбасым

28 маусым күні Текелі қаласында «Менің елім – менің отбасым» атты жастар мен жасөспірімдер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау семинары өтті.
Менің елім – менің отбасым

Аталған шара «Азаматтардың сектор бастамаларын қолдау, өз-ара әріптестікті дамыту бағытында шаралар ұйымдастырып өткізу» жобасы аясында қолға алынды. Психологиялық тренингке 11-сынып оқушылары мен студенттер қатысты. Шараның спикері практик-психолог Индира Ибрайымованың айтуынша, мұндай насихат жұмыстарын жиі жүргізу керек. «Әр бала ұлттық рухани құндылықтарды ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Халық даналығы айтатын «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай заманда болсын өзгер­ген емес. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары елімізде екі отбасы шаңырақ көтерсе, соның біреуі ажырасып жатады. Сол үшін де жастар мен жасөпірімдер арасында отбасындағы құндылықтар туралы айтып отыру керек. Өйткені, олар біздің болашағымыз. Бір-бір үйдің тұтқасын ұстайтын азаматтар».

Семинарда айна және би терапиясы арқылы қатысушыларға тапсырма берілді. Сондай-ақ, «Өмірдің тепе-теңдігі» деген парақшаны толтырды. Соңында әр азамат жанұяға қатысты 10 маңызды сөзді жазып, ішінен тек 3 сөзді таңдап алды. Маман қорытынды бойынша таңдалған үш маңызды сөз отбасындағы құндылық ретінде саналатынын айтты.

 Гауһар МҰСА

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.