Алма БРИМЖАРОВА, шаштараз, Текелі қаласы:

Бүкіл әлемді дүрліктірген осындай қиын-қыстау кезде әр азаматтың жағдайына алаңдаушылық танытып, қолдау көрсете білген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға және ел үкіметіне аналық алғысымды білдіргім келеді.
Алма БРИМЖАРОВА, шаштараз, Текелі қаласы:

Мен Текелі қаласының тұрғыны, Алма Бримжанова жеті жылдан бері «Томирис» сұлулық салонында шаштараз маманы ретінде жалдамалы қызмет атқарамын. Елімізде төтенше жағдай режимі қатаңдатылғаннан бастап жұмысым тоқтады. Жолдасым да уақытша жұмысынан қол үзді. Бала-шағаны асырау, болашаққа деген алаңдаушылық әр отбасын уайымға салғаны жасырын емес. Осы орайда, мемлекет төтенше жағдай кезінде табысынан уақытша айырылған отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді дегенді естіп, бірден қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгініп, мән-жайды сұрастырып білдік. Орталық мамандары 42500 теңге әлеуметтік төлем кімдерге және қалай берілетінін, қалай өтінім беруге болатынын толыққанды түсіндіріп берді. Осылайша, нұсқаулыққа сай өтінім беріп, әлеуметтік төлемге ие болдық. Бұл мемлекетіміздің бізге жасаған қамқорлығы, жақсылығы деп білеміз.
Барлығымыз жұдырықтай жұмылып, төтенше жағдай талаптарын қатаң ұстануымыз керек. Барынша үйден шықпай оқшауланып, тазалық сақтап, ата-аналарымыз бен балаларымызға ерекше көңіл бөлгеніміз жөн. Сонда ғана, еліміз аман, бауырымыз бүтін болмақ. Ел болашағының жарқын, бай-қуатты болуы жолында еңбек ету үшін әрқайсымыз сүйікті кәсібімізге оралатынымызға кәміл сенемін.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.