Адалдық – ақиқаттың айнасы

Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеті – парасаттылық идеологиясын ілгерілете отырып, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәде-ниетін қалыптастыру.
Адалдық – ақиқаттың айнасы

Қаламызда адалдық, әділдік, парасаттылық ұстанымдарын насихаттау мақсатында ақпараттық-ағартушылық штабы құрылып, әр апта сайын мекеме басшыларының және қоғам белсенділері мен штаб мүшелерінің қатысуымен сұхбат ұйымдастырылады.

 Өткен аптада Текелі қалалық №2 және №5 орта мектеп директорлары Маликов Айдын Тоқтамұратұлы және Иманбердиева Эльмира Сейдахметқызымен «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен», «Парасаттылық– біздің ойларымыздан басталады» тақырыптарында сұхбат өткізілді.

Сұхбат барысында мектеп директорлары: «Бүгінгі күні парасаттылыққа негізделген қоғамды құруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты қалыптастырып, құқықтық мемлекеттің негізін тануды мектеп қабыр-ғасынан бастауға баса назар аударылып келеді. Себебі, еліміздің өскелең жас буыны, оның ішінде болашақ мемлекеттік қызметшілер де шығуы мүмкін жастардың кез-келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына мүлдем төзбеушілік пен адалдық, әдептілік, заңдылық, сатылмаушылық, әділдік, рухани тұрақтылық сынды құндылықтарға ие болуына айрықша басымдық берілуде. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және адалдық қағидатын енгізу мақсатында оқушылардың қатысуымен дебаттық сайыстар, челлендждер, тәрбие сағаттары мен  сурет сайыстары ұйымдастырылып тұрады және ұжым арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында түрлі тренингтер мен жиналыстар, семинарлар өткізіліп тұрады. Жас буынға осындай үгіт насихат жұмыстарын жүргізу арқылы  бармақ басты, көз қысты әрекеттердің алдын алуға оны түбегейлі болдырмауға қарекет қыламыз» деп атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндап берді.

Ақыл мен ой, ми қызметінің ең жоғарғы сатысы болса, парасат – рух танымының алғашқы баспалдағы. Еліміздің болашағын, яғни, жастарын парасаттылыққа тәрбиелей отырып, еліміздің рухының асқақтауына үлес қосуға біріге жұмыс істеуіміз қажет.

Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.