Тәртіп – даму негізі

Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қала әкімі Батыр Молдахметов қоғамдық тәртіпті сақтап, халықтың алаңсыз өмірін қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Тәртіп – даму негізі

Жиында бөтеннің мал-мүлкін ұрлаудың жолын кесу, мал ұрлығына тосқауыл қою, мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ, жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге қарсы күресті күшейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.   

Тұрақты, тәртіпті қоғамдық орта баянды экономикалық-әлеуметтік дамудың негізі екенін алға тартқан қала әкімі заң бұзушылықтарға қарсы қоғамдық күш қалып-тастыруға баса маңыз берді. Қала әкімі полиция бөліміне білім бөлімімен бірлесе отырып кәмелеттік жасқа толмағандар арасында бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу және құқықбұзушылыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, іс-шаралар ұйымдастыру, сонымен бірге, қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне жауапты мекемелермен бірлесіп, қалада бей-берекет жүрген малды арнайы орындарға қамау, иесін анықтап, мал ұстау ережелерін түсіндіру, білім бөліміне қалалық ауруханамен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында бірлескен іс-шаралар өткізу, наркологтардың, психологтардың қатысуымен маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.    

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.