Ашықтық адастырмайды

Сәрсенбіде қала әкімінің орынбасары Айнұр Мейрханованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Ашықтық адастырмайды

Алдымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлу бойынша тұрғын үй комиссиясы тарапынан атқарылған жұмыстар мен қабылданған нақты шаралар ортаға салынды. Сонымен бірге, 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету барысына баса назар аударылды. Баршаға белгілі, халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы жайлы баспанамен, тұрақты жұмыспен, лайықты еңбекақымен тікелей байланысты. Сондықтан, аталған салалардың жұмысында әділдік пен ашықтық салтанат құрып, бармақ басты, көз қыстылыққа, жемқорлыққа жол берілмеуі керек. Атап айтқанда, мұқтаж жандардың, үй кезегінде тұрғандардың мәселесін шешуге күш салу,  мемлекеттік іргелі бағдарламаларды және өңірлік мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып, жұмыспен қамту ісін барынша жүйелендіру, оңтайландыру – өзекті.

Осы тұрғыда «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жұмысы да маңызды рөл атқарады. Комиссия отырысында аталған жобаның басым бағыттарын іске асыру бойынша атқарылған іс-шаралар көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат талқыланды.

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.