Бақыт та, байлық та еңбекте

Бүгінде халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігін ашу, еңбекке қабілетті азамттарды жаппай жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке ынталандыру бағытанда кешенді мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеп тұр.
Бақыт та, байлық та еңбекте

Айталық, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша арнайы квота белгіленген. Яғни, 50 адамнан жоғары қызметкері бар мекеме немесе кәсіпорын жалпы қызметкерлер санының 3 пайызы негізінде еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға міндетті. Осы бойынша өткен жылы қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 10 мүмкіндігі шектеулі азамат қаламыздағы мекеме, кәсіпорындарға тұрақты жұмысқа орналасқан. Биыл алғашқы төрт айда мүмкіндігі шектеулі 4 адамды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілген.

Сол секілді, жастар тәжірибесі – кәсіптік техникалық мектептер мен колледждерді, жоғары оқу орнын бітіргеніне 3 жылдан аспаған, мамандығы бар жастардың қарым-қабілетін көрсетуіне, сондай-ақ, игерген теориалық білімін нақты тәжірибеден өткізіп, өзін жан-жақты шыңдауына мол мүмкіндік беретін кешенді бағдарлама. 2020 жылы қала бойынша 50-ден астам жас мамандығы бойынша тәжірибеден өткен. Бұл бағыттағы жұмыстар биылда жалғасын табуда.

6 ай мерзімді құрайтын тәжірибе кезінде еңбек-ақыны жергілікті жерлердегі халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы мемлекет төлейді. Осы мезгілде жастар білімімен, біліктілігімен, қызметтік тәртібімен, ұйымшылдығымен, табандылығымен, жауапкершілігімен көзге түсе білуі керек. Мекемелер мен кәсіпорындар бос жұмыс орындарына осындай жастарды таңдайды.

Кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау-Бизнес» курсынан өткен кез келген азаматтың бизнес жобасын қорғап, 583 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты ұтып алуға мүмкіндігі бар. Өткен жылы орталық арқылы 86 адам осы грантты алып, отбасылық кәсіпке қажетті құрал-жабықтар немесе енелік малдарды, құстарды сатып алған. Биыл тағы да 13 адам осы грантты иеленді. Бұл – мемлекетіміздің халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында іске асырып отырған бағдарламаларының бір саласы ғана.

Нарықтық экономиканың қағидалары адалыққа, табандылыққа, еңбекқорлыққа, үзіксіз ізденіс пен жасам-паздыққа құрылған. Біздің экономикалық-әлеуметтік дамуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларымыз да нарықтың осы бұл-жымас заңдарын негіз етеді. Сондықтан, он екі мүшесі сау, еңбекке толық қабілетті азаматтардың жәрдем-ақыларға қол жайып, бос сандалып жүруі жарамайды. Мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланып, еңбек етуі, бүгінгі ақпараттық технологияларды меңгеріп, бизнеске ұмтылуы, өмірін өзгертуге талпынуы керек. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген ұлағытты сөзін басшылыққа алсақ, беталған мақсатымызға тез жетеріміз сөзсіз.

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Бағдарламаға қатыс, өміріңді өзгерт!

Қалалық жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында келесі бағыттар бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді жүзеге асырады:

► Жастар практикасына жұмысқа орналастыру.

► Қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналастыру.

► Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.

► «Алғашқы жұмыс орны» жобасына жұмысқа орналастыру.

► «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына жұмысқа орналастыру.

► Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру (еңбекке қабілетті мүгедектер).

► Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру.

► Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру.

► Алимент бойынша берешегі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру.

► Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру.

► Инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру.

► Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.

► Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

► Бизнесті дамыту және кеңейту үшін микрокредит беруге жолдама беру;

► «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама беру.

►Халықты басқа өңірлерге көшіру мәселелері бойынша кеңес беру.

► Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.