Бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысы

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 1 тоқсан-дағы бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы бойынша жұмыс қорытындысын жасады.
Бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындысы

Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкім-шілік кедергілерден қорғау бүгінде мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. 
Осыған орай  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Protecting busi-ness and investments» бизнес пен инвестицияларды қорғау жобасын іске асыруда.
Оның негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге өтініш білдірген инвесторлар мен кәсіпкерлер жұмысында төрешілдік, кідірістер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау. 
Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сүйемелдеуімен жалпы сомасы 750 млрд. теңгеден асатын 66 жоба бар.
Бұл ретте, осы жылдың І тоқсанында аталған жобаға шамамен 45 млрд. теңге көлемінде инвестициялық портфелі бар облыстың 9 компаниясы қосылды.
Есепті кезеңде Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне қол қойылған келісім шеңберінде 6 компания түрлі проблемалық мәселелер бойынша жүгініп, олар заңды шешімін тапты.
Инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойған компаниялардың мәселелері ғана емес, сонымен қатар,  өз түйткілдерін шешуде пәрменді көмек табатын басқа да кәсіпкерлердің проблемалары  пысықталып жатыр. Айтып өтейік,  жобаның халықаралық тәжірибеде бірегей және посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ. 

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.