Құлшыныс болса, мүмкіндік мол

Апта басында Текелі қаласының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ Текелі қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен мемлекеттік жастар саясатын дамыту, жастардың достық қарым қатынастарын нығайту мақсатында Алматы облысы Жастар орталығының мамандары белсенді жастармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Құлшыныс болса, мүмкіндік мол

Әр маман өзінің бағыты бойынша түсіндіріп, жастарға бағыт-бағдар көрсетті. Семинар барысында спикерлер еріктілік, «Дипломмен ауылға», «Серпін», «Жастар тәжірибесі» сынды бағдарламалар таныстырылып, кәсіпкерлік бағыттары қарастырылды.

«Диплом алған мамандардың бәрі университетті аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасудың сәті түсе бермейді. Жұмыс берушілер, ең алдымен, тәжірибесі бар қызметкерді жалдауға мүдделі. Бұл жағдайда, оқу тәмамдаған түлектерге «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық резерві» бағдарламаларын жүзеге асыра отырып, мемлекет көмекке келеді. ЖОО-ның түлектері үшін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бар. Сондай-ақ, оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесін алу үшін мемлекет түлектерге алты айлық жастар тәжірибесін ұсынады. Осы бағдарламаға қатысып, өз бағыттарыңыз бойынша жұмыс таба аласыздар» – деді облыстық жастарға қызмет және әлеуметтік қолдау көрсету бөлімінің маманы Меруерт Мұратқызы.

Семинарға қаламыздың студент жастары, еріктілері, қоғамдық жұмысшылар қатысты.

Шара соңында қаламыздың белсенді жастары еріктілік бағыттары бойынша бірқатар сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Ұлжан ҰЛДАХАНҚЫЗЫ

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.