Кеудесін орден жарқыратты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай облыс орталығында ұйымдастырылған шарада қаламыздың тұрғыны «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС қазандық машинисі Ақан Хайруллин ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.
Кеудесін орден жарқыратты

Хайруллин Ақан Мекебайұлы 1992 жылдан бері аталмыш кәсіпорында қызмет етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі 28 жыл. «Еңбегімнің еленіп, жұмысымның оң бағаланып, облыс басшысының қолынан осындай марапат алу мен үшін үлкен мәртебе. Әлі де халық игілігі үшін аянбай қызмет ететін боламын» деп қиындығы мен қызығы мол, үлкен жауапкершілікті талап ететін қызметте еңбек етіп жүрген жерлесіміз қуанышын осылайша жеткізді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.