«Үздік жасақ» аталымын иеленді

14 желтоқсан күні «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының облыстық жабылу салтанатында қаламыздың «Жасыл ел» жастар еңбек еріктілері «Үздік жасақ» номинациясы бойынша марапатталды.
«Үздік жасақ» аталымын иеленді

Өңірімізде жастар ісін ілгерілетуге арналан жобалар да, мүмкіндіктер де аз емес.Келешек ұрпақты еңбексүйгіштікке, жинақылық пен тазалыққа тәрбиелейтін «Жасыл ел» бағдарламасының жастар үшін маңызы зор. Осы арқылы қаншама жас бос уақытын тиімді өткізіп, еліне қызмет етуде. Биылғы  жылы Текелі қаласында аталмыш бағдарлама аясында 36 жас жұмыспен қамтылған.

«Жасыл ел» республикалық штабы жалпымемлекеттік жастар қозғалысына айналып, белсенді жастарды біріктіріп, оларды еңбекке баулып, патриотизм сезімін ұялататын, өмірлік маңызды әлеуметтік дағдылардың дамуына ықпал ететін жастар ұйымы болып табылады.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.