Түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Жуырда «Горняцкий», «Металлург» шағын аудандарында жергілікті тұрғындармен мал бағу және көктемгі табын мәселесін ұйымдастыру бойынша жиын өтті.
Түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Кездесуде қала әкімінің орынбасары Батыр Молдахметов, ауыл-шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Жылқыбаев, ветеринария бөлімінің басшысы Сергей Махаев қала тұрғындарына қала көшелеріне мал жіберуге болмайтындығын, ол қаланың жалпы кел-бетіне теріс әсер ететінін айтты. Тұрғындар малын бағу үшін көктемде ұйымдастырылатын табындарға тапсыру керектігін алға тартты. Сондай-ақ, қоқыстарды арнаулы белгіленген орындарға жеткізбей төге салу немесе арық, сайларға ағыза салу жиі орын алып отырғанын айтып, әрбір адам қала тазалығына ден қою керектігін жеткізіп, тазалық тәртібін бұзғандарға әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертті. Текеліліктер өз кезегінде мазалаған сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.

Нұржан Махаббатқызы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.