Ережені сақтау – міндет

Қауіпті індеттен сақтану шаралары өте өзекті. Егер, адамдар немқұрайлылық танытып, санитарлық нормаларды орындамаса ауру қайта өршіп кетуі мүмкін. Осы мақсатта қалалық мониторинг топ мүшелері «Достық» шағын ауданындағы дүкендерді аралап қажетті талаптардың қатаң орындалуын қадағалады.
Ережені сақтау – міндет

Қазір кейбір елдерде, әсіресе, жаз мезгілінде ауру асқынған еуропалық мемлекеттерде індеттің қайта өршуіне байланысты қатаң шаралар қабылдануда. Соңғы мәліметтер еліміздегі жағдайдың да әлі күрделі екенін көрсетуде. Немқұрайлылық орны толмас өкінішке ұрындыруы мүмкін. Сондықтан, босаңсымай, белгіленген тәртіпті саналы түрде сақтауымыз керек. Бұл, ең алдымен, өзіміздің және отбасымыз бен туыс-туғандарымыздың амандығы үшін қажет. Әрбір азаматтың жауапкершілігі тұтас елдің індетті еңсеруіне мүмкіндік жасайды.

Дүкендер мен қызмет көрсету орындарының иелері, қызметкерлері қойылған талаптарды саналы түрде орындауы керек. Дүкенге келушілер, қызмет алушалар да маска тағуы, арақашықтықты сақтуы тиіс. Оңтайлы жерде антисептиктердің, табалдырық алдына дезковриктердің қойылуы және онда дезинфекциялық сұйықтықтардың үнемі жаңартылып тұруы міндет.  Мониторинг топ мүшелері осы түйіндерді қайта-қайта қадағалап, ескертті.                 

Ескертулерді елемей, талаптарды орындамағандарға айыппұл салынды. 

Ақан ЫРЫМЖАНҰЛЫ

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.