Үздік топ – Тұлпар

Өткен аптада №5 орта мектебінде волейболдан әйелдер арасында дәстүрлі турнир өтті.
Үздік топ – Тұлпар

8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған ойын барысында ала допты алақанда қағытқан ойыншылар жеті топқа бөлініп, намысты қолдан бермеуге тырысты. Топ жарып оза шапқан қалалық әкімдіктен құрылған «Тұлпар» тобының қыздары жүлделі I орынға ие болды. №3 орта мектебі II орынды қанжығасына байласа, №4 орта мектебі III орынға табан тіреді. Жарыс қорытындысы бойынша «Үздік қорғаушы» (Виктория Кишкань), «Үздік ойыншы» (Гүлдана Болатханқызы), «Үздік жалғастырушы» (Гүлім Кабитаева), «Үздік шабуылдаушы» (Мария Горохова) аталымдары бойынша марапатталды. Барлық жеңімпаздарға арнайы кубок, мадақтама, естелік сыйлықтар табысталды.

Нұржан Махаббатқызы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.