Мәртебелі мамандық

Сейсенбіде қала әкімі Бахтияр Өнербаев құрылыс саласы мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Мәртебелі мамандық

Еліміз дамып, әлеуметтік және экономикалық салаларда ауқымды өзгерістер болып жатыр, соның ішінде құрылыс саласы да алға басуда. Текелінің де жылдан-жылға сән-салтанаты артып, сәулеті мен дәулеті келісіп, ажарланып келеді. Оған ең алдымен құрылысшы мамандардың еңбегі ерекше. Жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған қала әкімі  Бахтияр Өнербаев қалада  құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын, бұл істерде еңбек адамдарының еңбегі зор екенін  жеткізді. Осы орайда, құрылыс саласында еңбек етіп жүрген бірқатар үздік сала мамандары, атап айтсақ, «Хан-Тенгри Құрылыс» ЖШС директоры Ермек Мандаев, «Алматы құрылыс эксперт» ЖШС техникалық қадағалаушы Валерий Шабалин, «Т-Строй-Проект» ЖШС директоры Тұрсынхан Құспеков, «Нұр Шапағат» ЖШС бас инженері Асқар Дүйсембаев, «Фирма Талдықорған жолдары» ЖШС учаске басшысы Наубат Салихов, «Монолит» ЖШС жұмысшысы Андрей Литвиненко, «Строительная помощь» ЖШС техникалық қадағалаушы Рамиль Розиев, «Мұзтау» ЖШС техникалық қадағалаушысы Игорь Грецкийлер қала басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Нұржан Махаббатқызы

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.