42500 теңге. Шілде айында бұл әлеуметтік төлем кімдерге беріледі?

Төлемді алу үшін 17 шілдеден бастап өтініш беруге болады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда карантиннің шілде айының соңына дейін созылатынын, мұқтаж азаматтарға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалатынын мәлімдеген болатын. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төлем кімдерге және қашан берілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, осы жолы жалдамалы жұмысшылар үшін 42 500 теңгеге өтінішті тек жұмыс берушісі бере алады.
42500 теңге. Шілде айында бұл әлеуметтік төлем кімдерге беріледі?

"Өткен жолғы 42 500 теңгенің тәжірибесін ескеріп, жалдамалы жұмысшылар үшін осы жолы өтінішті тек жұмыс берушілер ғана береді деп ұйғардық. Бұл жолғы төлем тек 1 айға төленеді. Қаржы міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Қордағы қаражат көлемі шектеулі екенін өткен жолы айтқан болатынбыз. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып, бір апта ішінде қаражат мәселесін шешеді. Ал, біз жұма күні өтініш беретін порталдарды ашып, алдағы дүйсенбіден, яғни, 20 шілдеден бастап төлем тағайындауды бастаймыз" деді Біржан Нұрымбетов.

42 500 теңге кімдерге төленеді?

Әлеуметтік төлем төтенше жағдай кезіндегі қағидатпен тағайындалады. Яғни, төлем карантин кезінде табысынан айрылған азаматтарға беріледі:

  • Жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
  • Орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
  • Жеке кәсіпкерлер;
  • Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
  • Карантин енгізілген елдімекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері;
  • азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын адамдар.

Кімдер өтініш бере алады?

  • жалдамалы жұмысшыларын ақысын еңбек демалысына жіберген жұмыс берушілер;
  • карантин кезінде жұмысы тоқтаған жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар.

Министрдің айтуынша, бұл жолы 42500 теңге алу үшін азаматтарға бірыңғай жиынтық төлем жасаудың қажеті жоқ:

Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың өткен жолы 42 500 теңгені алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасағаны жеткілікті. Сол кездегі мәліметтер базада бар. Азаматтардың жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысып жүргенін немесе зейнетақы, жәрдемақы алып жүргенін өзіміз жүйе арқылы тексере аламыз.

Әлеуметтік төлемге өтініш беру жолдары:

  1. 42500.enbek.kz порталы;
  2. Egov.kz электронды үкімет порталы;
  3. Telegram-боттар (өзін-өзі жұмыспен қамтитын жеке тұлғалар үшін).

* Бұл порталдар 17 шілдеден бастап іске қосылады.

 

Сервис Enbek.kz электрондық еңбек биржасының алаңында құрылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін арнайы сервис іске қосылды.

Ескерту: Әлеуметтік төлемдерге өтініш беруге арналған 42500.enbek.kz сервисінде бір уақытта тек 25 мың өтініш қабылданады. Бұл шектеу азаматтардың толассыз өтінішіне байланысты сервистің іркілмей, дұрыс жұмыс істеуі үшін жасалды.

МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;
  • "42 500 жәрдемақы алу" таңдаңыз;
  • өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;
  • нысанды (форма) жіберу керек;
  • жүйе телефон нөмірін сұрайды;
  • телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;
  • өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады, ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.

Төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:

  • орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
  • нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;
  • карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Өтінімдерді қарастырудың және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі – 3 жұмыс күні.

Өтінімді Telegram желісі арқылы да беруге болады. Республика бойынша Telegram боттарының толық тізімі төменде:

Оны қолдану бойынша шағын нұсқаулық:

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:

  1. "Өзін-өзі жұмыспен қамтушы" батырмасын басу;
  2. Өзінің ЖСН енгізу;
  3. Электронды пошта адресін енгізу;
  4. Телефон нөмірін енгізу;
  5. Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
  6. Өтінішті растау;
  7. Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
  • сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
  • сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
  • сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.

Қызметкер үшін:

  1. "Қызметкер" батырмасын басу;
  2. ЖСН енгізу;
  3. Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
  4. Электронды пошта адресін енгізу;
  5. Телефон нөмірін енгізу;
  6. Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
  7. Өтінішті растау;
  8. Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
  • сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
  • сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
  • сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.

informburo.kz

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.