Жетісу облысы бойынша Антикор қызметі әкімшілік кедергілерді еңсеруде бизнеске құқықтық көмек көрсетуді жалғастыруда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет парасатты бизнес субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Жетісу облысы бойынша Антикор қызметі әкімшілік кедергілерді еңсеруде бизнеске құқықтық көмек көрсетуді жалғастыруда

Сарқан ауданының кәсіпкері жергілікті атқарушы органдар тарапынан әкімшілік кедергілердің жасалғанына шағымданған.

Кәсіпкер жыл бойы жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуға қол жеткізе алмады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органның мерзімді ұзартудан бас тартуына заңды негіздері болған жоқ.

Антикор қызметі мен жергілікті атқарушы органның бірлескен іс – қимылы және мәселені шешудің құқықтық жолдарын талқылағаннан кейін кәсіпкердің өтініші қанағаттандырылды - әкімдік жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өкім шығарды.

Другие новости

28.04.2024

28.04.2024

28.04.2024

28.04.2024

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.