Басты бағыт – әлеуметтік даму

Текелі қаласының әкімі Батыр Қайыркенұлы Молдахметовтың тұрғындар алдындағы есебінің тезисі
Басты бағыт – әлеуметтік даму

Өткен жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және алдағы дамуының негізгі бағыттары мен міндеттері туралы тұрғындарды алдын-ала ақпараттандыру мақсатында қала әкімі баяндамасының тезистері жарияланады.

2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында қала тұрғындарымен 5 есептік кездесу өткізілді. Есептік кездесулер барысындағы сыни ескертпелер мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Жоспар әзірленіп бекітілді. Жоспарланған 11 іс-шара жүзеге асырылды.

Қала әкімдігінің 2020 жылғы жұмысы негізінен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталды.

2020 жылы қала халқының саны 33,5 адам, көші-қон сальдосы 70 адамды құрады.

Өткен жылғы 11 айда мемлекеттік бюджетке 2,9 млрд. теңге түсіп, болжам 103,9% орындалды, оның ішінде Республикалық бюджетке 1,2 млрд теңге (91,8%), жергілікті бюджетке 1,7 млрд. теңге (114,6%), оның ішінде 915,7 млн. теңге (119,7%) қалалық бюджетке түсті.

1 желтоқсандағы жергілікті бюджеттің шығысы 5,9 млрд. теңгені құрап, 85,1% орындалды.

Өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 21,5 млрд. теңгені, ал физикалық көлем индексі 100,4% құрады. Өндіріс көлемі өткен 2019 жылмен салыстырғанда 1,2 млрд. теңгеге өсті.

Облыстық өнеркәсіптік өндірісінде қаламыздың үлесі 2,0% құрады.

2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 15,4 млрд. теңге құрады.

2020 жылдың 11 айында экспортқа:

«Колоннада» ЖШС 53,8 млн. теңгеге 3,8 мың тонна, «Көксу ТКК» ЖШС 336,7 млн. теңгеге 3,1 мың тонна, «Суффле Қазақстан ашытқы зауыты» АҚ 489,0 млн. теңгеге 3,5 мың тонна, «Текелі кенді қайта өңдеу кешені» ЖШС 454,7 млн.теңгеге 2,6 мың тонна өнім экспорттады.

«Bapy Mining» ЖШС-нің «Инновация-лық технологиялар бойынша темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» «зәкірлі» жобасының жүзеге асырылуы жалғасуда. Жобаны іске асырылғаннан бастап 12,4 млрд. теңге игерілді. 2020 жылдың 11 айында 13,9 мың тонна қайта өндірілген шойын және 16,1 мың тонна құйылған шойын шы-ғарылды. Кәсіпорында 996 адам жұмыс істейді.

 

Инвестиция тарту мәселесіне көңіл бөлінді

2020 жылдың 11 айында негізгі капиталға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 3,7 млрд. теңгені құрады.

Жалпы инвестиция көлемінің негізгі капиталға 2,1 млрд. теңге немесе
56,2% пайызын бюджеттен тыс қара-жаттар құрайды, яғни кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Мемлекеттік кірістер басқармасы мәліметтері бойынша 2020 жылдың 01 желтоқсанына қалада қызмет жасайтын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1366 бірлікті құрады, оның ішінде орта бизнес кәсіпорындары (заңды тұлғалар) – 3, шағын бизнес кәсіпорындары – 146, жеке кәсіпкерлер – 1172, шаруа қожалықтары – 45.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салықтар – 1,8 млрд.теңгені құрады.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдаумен қамту бойынша жұмыс жалғасуда, 2020 жылдың 11 айында аталған бағдарлама бойынша «банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» шеңберінде 3,0 млн. теңге сомасына 1 жоба субсидияланды (А.Б. Әлімбеков), «кепілдендіру» шеңберінде 314,0 мың теңге сомасына 1 жоба қамтылды (ЖК «Крупнова А.И.»).

Кәсіпкерлерге гранттар ұсыну бойынша конкурс нәтижелеріне сәйкес Bridove.kz жеке кәсіпкеріне былғары шеберханасы үшін 2,0 млн. теңге мөлшерінде 1 грант берілді.

 

Ішкі сауда

2020 жылдың 11 айында Текелі қаласында бөлшек тауар айналымы 5358,1 млн. теңгені құрады, бұл 2019 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 350,5 млн. теңгеге жоғары. Нақты көлем индексі 100,0 % құрады (5 млрд. теңге).

2020 жылдың көрсетілген кезеңі ішінде сауда және қызмет көрсету саласының 2 объектісін іске қосу есебінен 12 жұмыс орны құрылды: 1 мейрамхана, 6 жұмыс орны және көпфункционалды сауда ойын-сауық кешені, 6 жұмыс орны құрылды.

 

Туризм индустриясын дамыту туралы

Қалада туризм инфрақұрылымының 11 объектісі жұмыс істейді, оның ішінде: 8 қонақ үй, «Текелі» санаторий-профилакторийі, «Бастау» демалыс базасы, балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы.

Қаладағы туристік ұйымдар көрсеткен қызметтер көлемі 2020 жылдың 11 айында 92,5 млн.теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 52,0 млн. теңгеге кем.

Ішкі туризм бойынша туристік ұйым-дармен қызмет көрсетілген азаматтардың саны 2020 жылдың 11 айында 2795 адамды құрады, бұл 2019 жылдың деңгейінен 45,7% - ға төмен.

 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруа-шылығы тұрғындардың тұрмыс қажеттілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып, әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қосып келеді.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында келесі шаралар атқарылды:

► Көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және көгалдандыру, қаланы санитарлық тазалау жұмыстары;

► Қаланы көгалдандыру жұмыстары. 500 раушан, 50 000 петунья көшеттері отырғызылды. Қонаев көшесінің қалаға  кіре берісіндегі жол бойына 39 қарағай, Тәуелсіздік көшесінде 22 қарағай көшеті отырғызылды.

► Қаланың орталық көшелерін тазалауға 30-дан астам қоғамдық қызмет-керлер жұмылдырылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қала аумағында жалпы сомасы 233,2 млн. теңгеге келесі 9 жоба жүзеге асырылды:

• Бақылау алаңында Тутұғыр орнату;

• Бақылау алаңы айналасын абаттандыру;

• Қонаев көшесінің «Достық» шағын ауданындағы теміржол өткелінен қаланың кіре берісіне дейінгі бөлігінде жаяу жүргіншілер жолы мен арық желілеріне күрделі жөңдеу жүргізу;

• Рудничный ауылы көшелерінің жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөңдеу;

• Тәуелсіздік алаңында Тутұғыр орнату;

• Қора өзенінің жағалауына күн энергиясынан жарықтанатын шамдар орнату;

• Қаладағы көше шырақтарына ағымдағы жөңдеу жұмыстарын жүргізу;

• Спорттық алаңдарының ағымдағы жөңдеу жұмыстары;

• Әмбебап спорт алаңдарының құрылыс монтаждау жұмыстары;

Жылыту маусымы

Текелі қаласында жылыту маусымы 2020 жылдың 02 қазанынан басталды. Қалада күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа және 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымын өткізуге бюджеттік саланың 24 объектісі дайындалды. 20 нысан орталық жылу жүйесіне қосылған. Барлық нысандарда жылу энергиясын есептеу құралдары орнатылған. 4 нысан қатты отынмен жылытылады, оларға  520 тонна көлемінде көмір жеткізілді.

Текелі қаласындағы жылу энергиясының негізгі жеткізушісі «Текелі энерго-кешені» ЖШС болып табылады.

Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуі үшін күзгі-қысқы кезеңде 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына бекітілген жөндеу жұмыстарының кестесіне сәйкес барлық іс-шаралар орындалды.

Жеке тұрғын үйлердің тұрғындарын көмірмен қалада «Рустамов» ЖК қамта-масыз етеді.

Текелі қаласында 196 көпқабатты үй орталық жылуға қосылған. 153 үйде жылу энергиясын есептеу құралдары орнатылған (78%).

 

Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы бойынша

«Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдар-ламасы бойынша 62 жол белгісі, №3 орта мектеп жанында Әуезов көшесінде 2 бірлік жасанды жол бұдырлары орнатылды.

«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 49,6 млн.теңге бөлінді. Жолдарды қысқы күтіп ұстау бойынша жыл басынан 8,4 млн.теңге игерілді. Қала жолдарын ағымдағы жөңдеуге 19,6 млн.
теңге бөлінді, қазіргі уақытта 5461 м2 қала жолдарын ағымдағы жөндеу жүргізілді.

2020 жылы қаланың 34 көшесін орташа жөндеуге 5 жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»  бағдарламасы аясында қала аумағында сомасы 688,3 млн. теңгеге 1 жоба жүзеге асырылды:

• Әл-Фараби, Дружба, Орақты батыр, Жалайыри, Жансүгіров, Кольцевая көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстары;

Жолаушылар тасымалының көлемі 3 млн. 843,7 мың адамды құрады. Жолаушылар айналымы 62,1 млн. жолаушы/км құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  60,5% - ға азайған.

2299,8 мың тонна жүк тасымалданды, жүк айналымы 74 200,0 мың тонна/км құрады.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2,3 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 132,3%-ды құрады. 2 962 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қала бойынша орташа айлық жалақы 2019 жылмен салыстырғанда 17,7%-ға өсіп, 132 479 теңгені құрады.

Еңбек нарығындағы жағдай жалпы жұмыссыздық деңгейінің тұрақтылы-ғымен сипатталады.

– 2020 жылдың 11 айында жұмыспен қамту қызметіне жүгінген азаматтар саны 1547 адам;

– Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 3,0%;

– 1240 адам жұмысқа орналастырылды, 557 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 26 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 52 адам Жастар практикасына жіберілді;

– Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8%;

– 611 жаңа жұмыс орны ашылды;

– Жұмыссыздар қатарынан 100 адам кәсіптік даярлауға жіберілді;

Қаланың аз қамтылған азаматтарымен белсенді жұмыс жүргізілуде.

– 2020 жылдың 11 айында 429 отбасына 200,4 млн. теңге сомасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді;

– 170 адам 2564,0 мың теңге сомасына тұрғын үй көмегін алды;

– Әлеуметтік маңызды аурулары бар 15 адамға 1050,5 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді;

– ҰОС қатысушыларына, ауған жауынгерлеріне, Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға және апат салдарынан қайтыс болған қатысушылардың отбасыларына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға 2,9 млн. теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетілді;

– І топтағы 35 мүгедекке жеке көмекшілер қызметі көрсетілсе, 10 мүгедекке ымдау тілі маманының қызметі көрсетілді, 224 адамға үйде арнайы қызмет көрсетіледі;

 

Білім беру саласын дамытудағы үрдістер

Қалалық білім беру жүйесін ұстауға бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінді (2019 жылы – 1,7 млрд.теңге).

Қала бойынша барлығы 8 мектеп, 4672 оқушы, 227 – сынып-комплект. Қала мектептерінде 444 мұғалім жұмыс істейді.

Жалпы 870 баланы қамтитын 5 бала-бақша, 150 бала білім алатын 6 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 98,1% құрайды.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан 720 бала оқу кезінде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

2020 жылы мектепті 155 түлек бітірді. «Алтын белгі» иегерлерінің саны – 26, «Үздік аттестат» – 11.

88 түлек жоғары оқу орындарының мемлекеттік гранттарына ие болды, бұл ҰБТ тапсырған түлектер санының 78%-ын құрайды.

 

Мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсында №8 ОМ директоры Ж.Жаакпекова ІІ орын, «Дарынды оқушы – талантты мұғалім» республикалық олимпиадасында №5 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Лаззат Күнайқызы ІІІ орын, «Үздік дене шынықтыру мұғалімі» облыстық конкурсында №6 ОМ дене шынықтыру мұғалімі Д. Исмаилов ІІІ орын алды. Облыстық «Үздік бағдарлама» байқауында №3 балабақша тәрбиешісі Ю.Цугланова І орынға ие болды.

«Педагогикалық тандем» облыстық әдістемелік жәрмеңкесінде №5 ОМ тарих пәнінің мұғалімі Ж.Жұмабаева мен оның тәлімгері М. Қарабалаева 1 орын алды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – Абай» республикалық байқауына 14 мұғалім қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Республикалық онлайн олимпиадада ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Сейтбаева І орын, бастауыш сынып мұғалімдері Д. Даутова мен Б. Хавал
ІІ орын алды.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру

2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы Даланың 7 қыры» мақаласы аясында 3 872 адамды қамтыған 61 іс-шара жүзеге асырылды.

Оның ішінде «Туған жер» арнайы жобасы аясында қала меценаттары, волонтерлері қайырымдылық іс-шараларын өткізді, 1048 отбасына (4291 адам) жалпы сомасы 11,375 мың теңге көмек көрсетті.

Қайырымдылық іс-шараларына белсенді қатысқан меценаттар мен демеушілер қалалық «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды.

Қалада инклюзивті балалардың «Ашық жүрек» қалалық фестивалі, этностар арасында «Менің Абайым» Абай оқулары, ҚР Тұңғыш Президенті туралы «Менің Тұңғыш Президентім» және т. б. фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

 

Азаматтық қоғам институттары

Текелі қаласында 21 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Азаматтық қоғам институттары қаланың қоғамдық-саяси іс-шараларына белсенді қатысады. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруына 2020 жылы бюджеттен 3120,0 мың. теңге бөлінді. Оның ішінде 2,5 млн. теңге игерілді, 2 лот қарастырылған, 37 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Барлығы 3500 адам қамтылды.

Қалада 7 діни бірлестік жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының дін сала-сындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырым-дамасын іске асыру мақсатында қалада 7 615 адамды қамтыған 108 іс-шара ұйымдастырылды.

 

Жастар саясаты

Қала жастарының саны 7005 адамды құрайды, оның ішінде ауыл жастары – 121, мектеп оқушылары – 985, студент жастар – 370, жас мамандар (дәрігерлер, мұғалімдер) – 140, жұмысшы жастар – 2500. Рудничный ауылдық округінде 1 нұсқаушы-әдіскер жұмыс істейді.

Жыл басынан 120 іс-шара өткізіліп, 12 000 адам қамтылды.

Жыл сайынғы «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 36 жас қаламызды көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазарту жұмыстарына атсалысты.

«Жасыл ел» еңбек жасағы облыста 2020 жылғы «Үздік жасақ» болып танылды.

40 белсенді жастан тұратын еріктілер тобы жұмыс істейді. «Үміт» және «Мейі-рім» волонтерлік топтары мұқтаж, көп балалы отбасыларға көмек көрсетеді.

 

Халыққа мәдени-спорттық демалыс қызметтерін көрсетуге көңіл бөлінді.

2020 жылы 663 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізіліп, 29 568 адам қамтылды. Қалада 6 мәдениет нысаны жұмыс істейді: «Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі» МКҚК, «Металлург» шағын ауданының клубы, саңыраулар қоғамының клубы, Текелі қаласы әкімінің қалалық кітапханасы және оның екі филиалы.

Мәдениет үйінде және «Металлург» клубында 33 үйірме және клубтық құрылымдар жұмыс істейді, оған 531 адам қатысады, оның ішінде 11 үйірме балалар мен жасөспірімдерге арналған, 226 адам қатысады.

Мәдениет үйі мен «Металлург» клубы-ның ақылы қызметі 2,3 млн. теңгені құрады.

Мәдениет үйінің жанында «Абзал ана отауы» халықтық ансамблі және «Шырайлым» үлгілі би ұжымы бар.

Қалада 54 спорт ғимараты орналасқан. Тұрғын үй аулаларында әмбебап спорттық алаңдары жасалды, орталық саябақта «BMX» (бээмикс) трассасы және «streetworkout» гимнастикалық алаңы бар. Қалада 9 стадион және 12 спортзал жұмыс істейді. Сонымен қатар, мектептерде, спорт мектебінде және мәдениет мекемелерінде футбол, бас-кетбол, волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және басқа да үйірмелер жұмыс істейді. Қалада спортпен шұғылданушылар саны 10022 адам, бұл 30% құрайды. Текелі қаласы-ның олимпиадалық резервтегі бала-лар-жасөспірімдер спорт мектебінде
24 жаттықтырушы жұмыс істейді, 714 адам спорттың 11 түрімен шұғыл-данады.

2020 жылы 35 қалалық спорттықіс-шара ұйымдастырылып, оның
ішінде 13 онлайн форматта өтті. 8 облыстық жарысқа қатысу қамтамасыз етілді.

 

Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс саласының маңызды бір бөлігі – азаматтардың өтініштерін қарастыру

Жыл басынан қала әкімінің атына 698 өтініш түсті (жеке тұлғалардан – 570, заңды тұлғалардан – 128).

Қала әкімінің жеке қабылдауына 127 адам қатысты.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 10 мемлекеттік мекеме 103 қызмет түрін ұсынады. 2020 жылдың 11 айында барлығы 7 635 қызмет көрсетілді (жеке тұлғалар үшін 7 613 қызмет, заңды тұлғалар үшін 22 қызмет). оның ішінде: көрсетілетін қызметті берушілермен қағаз нысанда – 17 қызмет (жеке тұлғалар үшін 12 қызмет, заңды тұлғалар үшін 5 қызмет), мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін қағаз нысанда баламалы негізде көрсетілетін – 1 612 қызмет (жеке тұлғалар үшін 1 609 қызмет, заңды тұлғалар үшін 3 қызмет). Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетіл-
ген – 3 973 қызмет, (жеке тұлғалар үшін 3 968 қызмет, заңды тұлғалар үшін
5 қызмет
), ХҚКО арқылы – 1143 қызмет (жеке тұлғалар үшін 1 137 қызмет, заңды тұлғалар үшін 6 қызмет), «электрондық үкімет» веб-порталы және «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы 890 қызмет көрсетілді (жеке тұлғалар үшін 887 қызмет, заңды тұлғалар үшін 3 қызмет).

 

Құрметті қала тұрғындары!

Тезисте қаланың 2020 жылғы әлеу-меттік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары жарияланды.

2021 жылы қала әкімдігінің жұмысы Текелі қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының басымдықтарын орындауға, негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеруге, өндірістік, зиялылық және еңбек әлеуетін дамытуға бағыт-талады.

Алдағы уақыттағы негізгі міндеттер:

– Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындау;

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;

– «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шараларын іске асыру;

– Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды одан әрі атқару.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.