Мектеп құрылысы қарқын алды

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «№6 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ күрделі жөндеу» жобасы аясында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Мектеп құрылысы қарқын алды

Бұл жоба туралы толығырақ ақпарат алу үшін жауапты мердігер компания «Тау толағай» ЖШС өкілі Талғатбек Канкетаевты әңгімеге тарттық. Оның айтуынша, 1961 жылы іргетасы қаланған мектеп ғимаратына жыл-
дар бойы күрделі жөндеу жасалмаған. Білім ошағының іші-сыртын қалпына келтіруге байланысты жөндеу жобасы осы айда жүзеге асырыла бастаған. Бүгінде алдағы екі аптаға созылатын бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айының соңына қарай сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары қолға алынбақ. Құрылысшылар білім ордасын заман талабына сай етіп өзгертіп, мектеп қабырғалары, едені мен есік-терезелері толығымен жаңартылады. Жөндеу жұмыстарын келесі жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, Т.Канкетаев мектепке сыйлық ретінде оқу орнының негізгі ғимаратынан басқа, қосымша құрылыс – спорт залдың қасбетін жаңартып беретіндерін тілге тиек етті.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына 40-қа жуық адам қамтылған. Сонымен қатар, жұмысқа тағы да адамдар қабылданатынын айтты.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.