Жастарды қолдау – болашаққа самғау

Осы аптада жастар ресурстық орталығында облыстық жастар ресурстық орталығының мамандарынан құрылған ақпараттық топ мүшелері қатысқан жиын өтті.
Жастарды қолдау – болашаққа самғау

Үгіт насихат тобының негізгі мақсаты – ел Тәуелсіздігінің 30 жылында жеткен жетістіктерін, толағай табысын насихаттап, жастардың санасына сіңіру әрі ел болашағы – жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға баулу. Облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Ержан Дәулетбаев, «Волонтерлар лигасы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Еркежан Арқашқызы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының Алматы облыстық филиалының менеджері Наурыз Сайлаубай жастармен ашық әңгіме құрып, еріктілер туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттері, жаңа мамандықты игеру жолдары, жас кәсіпкерге алғашқы қадамдар, кәсіпкерлерге арналған курстар мен жеңілдіктер, арнайы бағдарламалар, бизнесті бастау турасында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында қатысушыларға ақпараттық кітапшалар таратылды.

Нұржан Махаббатқызы

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.