Дамудың қозғаушы күші

Дүйсенбіде «Металлург» шағынауданындағы клубта облыстық жастар ресурстық орталығының мамандарынан құрылған ақпараттық топ мүшелері мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
Дамудың қозғаушы күші

Кездесудің мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға баулу, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастарды кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктерден хабардар ету арқылы дұрыс мамандық таңдауларына бағыт-бағдар көрсету. Облыстық жастар ресурстық орталығының жастарға қызмет және әлеуметтік қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ерлан Шопатаев қоғамдық жұмыс жасау жөнінде кеңінен сөз етті. Оның айтуынша, қоғамдық жұмыстар жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскерді алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытқа ие. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын азаматтардың еңбекақысы халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы ай сайын төленеді. Мұндай жұмысқа жұмыссыздар, студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатыса алады.

Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Жаңғыру жолы» белсендісі, «Парасат» клубының жетекшісі Александр Сон Ассамблея жұмысы туралы айтып, жастарды елі мен жерін сүюге, Отанымызды құрметтейтін, қоғамда алар орны бар нағыз патриот, адал адам болуға үндеді. Қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Сұлтан Торғай қоғамдық жұмысқа қатысқысы келетін жұмыссыз жастар орталыққа келу керектігін еске салды.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.