Ауылға кел, жас маман!

«Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Ауылға кел, жас маман!

2020 жылдың 27 мамырынан «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласын-дағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген ережеге өзгерістер енгізілді.

 Әлеуметтік қолдау шаралары мемлекеттен:

1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсыну ретінде көрсетіледі.

Мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттік кредит жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% мөлшерiнде, он бес жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі (құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған кезде) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы немесе электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

1) көтерме жәрдемақы алған кезде:

белгіленген нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтап-шасының көшiрмесi.

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

белгіленген нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көр-сетілетін қызметті алушылар үшін);

Кредиттік бюродан есеп;

3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

белгіленген нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін);

Кредиттік бюродан есеп.

Аталған мемлекеттік қызметті алу бойынша кеңес алу үшін «Текелі қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгіну қажет. Мекенжайы: Абылай хан көшесі 34, байланыс телефоны
8 (72835) 7-90-88.

 

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.