Мерзімінен бұрын шартты түрде босталған және әкімшілік қадағалау орнатылған сотталған азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету

Пробация қызметі бас бостандығын айыруға байланысты емес 6 түрлі жазаны орындайды. Сонымен қатар бас бостандығын айыру орындарынан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғанмен қатар әкімшілік қадағалау орнатылған сотталған азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсетеді. Сотталған азамат түзеу мекемесінен мерзімінен бұрын шартты түрде босталғаннан кейін тұрғылықты мекен-жайы бойынша аймақтық полиция инспекторының есебіне тұрады.
Мерзімінен бұрын шартты түрде босталған және әкімшілік қадағалау орнатылған сотталған азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету

Аймақтық полиция инспекторы сотталған азаматы өзінің есебіне алғаннан кейін жазаны өтеудің тәртібін және шарттарын толық түсіндіріп әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мақсатында пробация қызметіне сотталған азаматты келуін камтамамыз етеді.  
Пробация қызметі өз кезегінде сәйкес сотталған азаматтын денсаулық жағдайын, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуын, сондай-ақ тұрғылықты жерінің бар-жоғын анықтай отырып сотталған азаматты қоғамға қайта бейімдеу және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің іс-шараларын жүзеге асырады.  Жыл басынан пробация қызметіне түзеу мекемесінен мерзімінен бұрын шартты түрде 2 сотталған азамат босатылып шығып, біреуі  жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Текелі қалалық ПҚБ инспекторы әділет капитаны                                      М.А.Жаксыгулов

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.