Қайта тәрбиелеуге басымдық

«Пробация» қызметі бас бостандығынан айырмайтын немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға кесілгендерді әлеуметтік тұрғыдан қорғауды, өмірге бейімдеп, олардың кәсіби білім алуына, жұмысқа орналасуына көмектеседі.
Қайта тәрбиелеуге басымдық

Яғни, абайсызда шоқ басқандар және өткізген күнәсі үшін өкініп, оны түзетуге бел буғандар сот міндеттеген шарттарды бұлжытпай орындай отырып, пробация қызметінің қадағалауымен қайта тәрбиененуге мүмкіндік алады.

Биыл жыл басынан бері қалалық пробация қызметі қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы пробация қызметінде тіркеуде тұрғандардан 23 адамды жұмысқа орналастырды. Олардың ішінде 2 әйел «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасымен тігіншілік мамандығы бойынша білім алып, тұрақты жұмыс тапты.

Сондай-ақ, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза арқалағандар, соттың шешімімен жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде тұрғылықты жері бойынша жыл сайын жүз сағат көлемінде мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Жыл басынан бері қалалық пробация қызметі арқылы бас бостандығы шектелген 115 сотталушы мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Шартты түрде сотталғандар ай сайын пробация қызметіне тіркелу үшін және олармен тәрбие жұмыстарын жүргізу бойынша күндер белгіленеді. Әрдайым пробация қызметі сотталғандардың тұрғылықты жері және аумағы бойынша жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен бірнеше рет тексеру жүргізеді. Осы негізде 2020 жылдың қараша айында бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған екі азаматқа жазаны өтеу тәртібі қайта қаралды. 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.