Балалар мен жасөспірімдерде туберкулездің алдын алу

Туберкулез дегеніміз не және инфекция көздері қандай? Туберкулез – ауа арқылы тарайтын жұқпалы ауру, қоздырғышы – туберкулез микобактериясы болып есептеледі. Туберкулез бүкіл ағзаға әсер етеді: өкпе, бүйрек, лимфа түйіндері, сүйектер, көз, тері, ми. Инфекцияның таралуының негізгі көзі туберкулезбен ауыратын науқас.
Балалар мен жасөспірімдерде туберкулездің алдын алу

Туберкулез қалай жұғады?

Туберкулез көбінесе ауа арқылы таралатындықтан оны әр жерде жұқтырып алуға болады. Ауру көзі – туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар. Туберкулезбен ауыратын науқас жөтел-генде, түшкіргенде қоршаған ортаға құрамында туберкулез таяқшалары бар сілекейдің көзге көрінбейтін тамшылары жан – жаққа тарайды және ауада бірнеше сағат қалықтап ұшып жүреді. Сау адам туберкулез таяқшасы бар ауамен тыныс ала отырып, туберкулезді жұқтырып алуы мүмкін. Егер туберкулезбен ауыратын адаммен ұзақ уақыт бойы нашар желдетілген орында бірге болсаңыз, оны жұқтыру қаупі арта түседі

 Егер науқас емделмесе, ол жылына 10-15 адамды жұқтыруы мүмкін.

Әрбір жұқтырған адам туберкулезбен ауырады ма?

 Жұқтырған адамдардың көпшілігі ешқашан туберкулезбен ауырмайды, өйткені олардың иммундық жүйесі инфекцияны басады, шектейді және аурудың дамуына жол бермейді.

Туберкулезбен негізінен тәуекел тобы деп аталатын балалар туберкулезбен
ауырады:

► егілмеген балалар;

► отбасында туберкулезбен ауыратын науқас болса;

► әртүрлі жұқпалы аурулармен жиі және ұзақ ауыратын балалар;

► қант диабеті, қатерлі ісік, әсіресе АИТВ-инфекциясы сияқты аурулардан зардап шегетін балалар, әртүрлі мүшелер мен жүйелердің созылмалы патологиясымен ауыратын науқастар;

► кортикостероидты, сәулелік және цито-статикалық ем қабылдайтын балалар;

► әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар.

Туберкулездің негізгі белгілері:

► ұзақ жөтел (2 аптадан астам) және қақырықпен қан түкіру

► кеуде қуысының ауыруы;

► тәбеттің жоғалуы, дене салмағының төмендеуі;

► терлеудің күшеюі (әсіресе түнгі уақытта);

► жалпы дімкәстік және әлсіздік;

► дене температурасының мерзімді шамалы көтерілуі (37,2-37,4);

► Манту сынамасын жүргізу кезінде балалар мен жасөспірімдерде мөлшері 5 мм терінің қызаруы мен ісінуі жұқтыру сәтін көрсетеді, бірақ аурудың өзі туралы емес; бұл жағдайда баланы тереңдетіп тексеру қажет.

Баланы туберкулезден қалай қорғауға және аурудың алдын алуға болады?

БЦЖ вакцинасы балалар мен жасөспірімдерде туберкулездің белсенді спецификалық алдын алу үшін арналған. Вакциналарды қолданудың жүз жылдық тәжірибесі жұқпалы аурулардың алдын алудың осы әдісінің орындылығы мен тиімділігін дәлелдеді.

БЦЖ вакцинасы вакциналық штаммның тірі әлсіреген (ауру туғызу қабілетін жоғалтқан) микобактериялары болып табылады. Туберкулезге қарсы алғашқы егу бала өмірінің 2-4 күнінде перзентханада жүргізіледі. 2 айдан кейін бала иммунитеті дамыйды және 7 жылға дейін сақталынады. Туберкулез инфекциясынан қорғауды қолдау үшін вакцинация теріс туберкулин сынамасы бар балаларға 6-7 жасында қайталанады. Туберкулезге қарсы егілген балада 4-6 аптадан кейін 5-10 мм папула пайда болады, ал бір жылдан кейін тыртық сәтті вакцинацияны көрсетеді.

БЦЖ тері ішіне вакцинациялау туберкулездің спецификалық алдын алудың негізгі іс-шарасы болып танылды. Бұл тек туберкулезге қарсы иммунитеттің дамуын ғана емес, сонымен қатар баланың денесінің басқа инфекцияларға табиғи төзімділігін арттырады.

Балалар мен жасөспірімдер туберкулезінің алдын алу және ата-аналарға кеңестер.

Балалар мен жасөспірімдерде туберкулездің алдын алу үшін:

ата-аналарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, Сіздің отбасыңызда уақытша тұратын адамдардың денсаулығы туралы алдын ала сұрау;

профилактикалық рентгенологиялық тексеруден өту, әсіресе отбасында жаңа туған бала болса;

егер бала туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болса, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек-санаторий балабақшасына немесе санаторий мектебіне оқшаулау, бұл ауру қаупін азайтады;

Манту сынамасы бойынша балаға инфекция жұқтырғаны анықталған кезде фтизиатр-дәрігердің міндетті тексеруі;

ата-ананың жеке үлгісімен баланың салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Есіңізде болсын!

Өз баласына туберкулезден екпе жүргізуден бас тарту - іс жүзінде баланың осы инфекциядан қорғалу құқығынан бас тарту дегенді білдіреді. Балаңызды сау болу құқығынан айырмаңыз!

Фтизиатр дәрігер: Н.Ж.Бекбергенова

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.