Өз сәбиіңізді туберкулезден қорғаңыз

Туберкулез – әлемде адамдарды көп өлімге әкеліп соқтыратын, ең кең таралған жұқпалы аурулардың бірі. Ауру науқас адамнан дені сау адамға ауа тамшысы арқылы, жөтелгенде, сөйлегенде жұғады.
Өз сәбиіңізді туберкулезден қорғаңыз

Бала туылғаннан кейін әр түрлі жұқпалы қоздырғыштармен жанасуы мүмкін, соның бірі туберкулез қоздырғышы. Бір жасқа дейінгі балалардың туберкулез жұқпасын жұқтыру жоғары болады.

Туберкулезді емдегеннен, алдын алу оңай!

Туберкулезден қорғанудың ең тиімді және қауіпсіз түрі БЦЖ екпесі болып табылады.

Бала туылғаннан кейін егу перзентханада 1-4-ші күн аралығында жүргізіледі. Егер балаға егу перзентханада жүргі-зілмесе, онда жергілікті емханада егілуі керек. Туберкулезден қорғану үшін 6 жаста балаға қайта егу жүргізіледі.

Егу орны қызарып, ісініп, іріндеп, қабыршақтанады. Ал бір жас шамасында егу орнында тыртық пайда болады, ол ауырмайды және баланың көңіл-күйіне де әсер етпейді.

Кейбір жағдайда БЦЖ еккеннен кейін 0,02% шамасында балалардың
дене қызуы көтеріліп, мазасыздануы мүмкін. Мұндай асқынулар байқалған балалар 1 жыл фтизиатр дәрігерінің бақылауында болады.

БЦЖ егуінен бас тартқан жағдайда балаңыз:

Туберкулездің өте ауыр түрімен ауруы, өлім жағдайына алып келуі мүмкін.

Туберкулез менингитіне немесе басқа аурулардың ауыр түріне шалдығып

    мүгедек болуы мүмкін.

Ата-аналар!

Сіздер балаларыңыздың өмірі мен  денсаулығына жауаптысыздар.

Уақытында өткізілген енгу және қайта егу сіздің балаңызды туберкулезден қорғайды.

Дүниеге келгеннен бастап өз балаңыздың денсаулығын сақтаңыз

СӨСҚ кабинеті

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.