Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі

Өмірімізде қағазбастылықтың азайғаны қуантады.
Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі

Бұрын мекемелер жеке-жеке анықтама сұрататын. Қазір керек еткен тарап ақпаратпен онлайн таныса алады. Әрине, сіздің рұқсатыңызбен. Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисі арқылы псих-нарко диспансерлерінен, жылжымайтын мүліктің немесе соттылықтың болуы/болмауы, зейнетақы жинақтарының жай-күйі, салық бойынша берешек және т.б. 21 анықтама қолжетімді. Ол үшін сұратушы тарап: 1. Еgov.kz порталында авторизациядан өтеді; 2. Сервисті тауып, сіздің ЖСН-іңізді енгізеді; 3. Тізімнен анықтаманың қажетті түрін таңдап, сұрау жібереді. Сұраным сіздің жеке кабинетіңізге келіп түседі, сондай-ақ телефоныңызға 1414-тен код жазылған смс-хабарлама келеді. Осы екеуінің бірін пайдаланып, 2 сағат ішінде үшінші тұлғаның анықтама алуына келісім беріңіз немесе бас тарту қажет. 2 сағаттан кейін жіберілген жауап жарамсыз деп есептеледі.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.