Қазақстан Республикасының азаматтарына төл құжат пен жеке куәлік беру

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжатың болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының азаматтарына төл құжат пен жеке куәлік беру

Жеке басты куәландыратын құжаттар – бұл жеке бас куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты жасына қарамастан өз қалаулары бойынша беріледі және ҚР аумағынан тыс жерлерде иесінің жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Төлқұжат және жеке куәлік беру 10 жыл мерзімге беріледі. Қазақстан Республикасы аумағында ұдайы тұратын барлық азаматтардың жеке бас куәлігі болуы тиіс. Жеке куәлік немесе төлқұжат алу үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару қажет. Құжаттарды дайындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды. Қазіргі кезде төлқүжат пен жеке куәлікті рәсімдеген кезде мемлекеттік баж салығын QR кодының көмегімен төлеуге болады. Құжаттарды жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік корпорация арқылы алу үшін (өтінімді ресімдеу және жеделдетілген қызмет үшін түбіртекті төлеу күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), яғни Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін-1 санаты бойынша 1( бір) жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2- санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін; облыс орталықтары үшін- жетелдіктің 1 санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2- санаты бойынша 5 (бес) жұмыс күніне дейін; облыстардың қалалары және аудандары үшін жеделтіктің 3-санаты бойынша 7 (жеті) жұмыс күніне дейін әзірленеді. Құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ уақыты -15 (он бес) минуттан аспайды. ҚР азаматының төл құжат бергені үшін 8 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі-АЕК), ал ҚР азаматының жеке куәлігін бергені үшін 0,2 АЕК құрайды. Егер жеке куәліктің жарамдылық мерзімі 10 күнге дейінгі мерзімде болса- ескерту жасалады, ал аталмыш мерзімнің аяқталуы бойынша 7 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде жасалған осы сияқты бұзушылық үшін 13 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынады.

 Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында жарамды. 16 жасқа толғаннан кейін бірден барлық қажетті құжаттарды тапсыру ұсынылады Азамат жеке куәлікті ресімдеу үшін тек 16 жас мерзімге толуы бойынша ғана жүгіне алады, осы уақытқа дейін оған құжат берілмейді. Егер азамат 18 жасқа толғанда жеке куәлікті алуға бірінші рет жүгінсе, одан сондай-ақ 5 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл алынады және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ол құжаттардың келесі тізімін ұсынуға міндеттенеді:

— жеке басты куәландыратын құжатты уақытылы алмау себептерін көрсетумен ерікті нысандағы өтініш

— тұрғылықты жері, оқу, жұмыс орындарын көрсетумен толық өмірбаян

— туу туралы куәлік

— әскерге шақырушыларды тіркеу куәлігі немесе әскери міндеттілерге арналған әскери билет (немесе әскери есеп турады мәліметтерді растайтын құжат)

— ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжат.

16 жасқа толуы бойынша жеке куәлік алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

— баланың тууы туралы куәлік

— ата-анасының бірінің жеке куәлігі

— 0,2 АЕК мөлшеріндегі жеке куәлік үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы түбіртек

— паспорт (бар болса).

16 жасқа дейінгі балаларға паспорт ресімдеуге арналған құжаттар тізбесі:

— туу туралы куәлік (көшірме және түпнұсқа салыстыру үшін)

— ата-анасының бірінің жеке куәлігі (көшірме және салыстыру үшін түпнұсқа)

— 4 АЕК мөлшеріндегі паспорт үшін мемлекеттік баж алымын төлеу туралы түбіртек.

Құжаттарды ресімдеуде баланың болуы міндетті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.