Мерейлі марапат

Хәкім Абайдың мұрасын зерттеуде өзіндік үлесін қосып жүрген жерлесіміз, жазушы – Омаров Досым Қайырбекұлы ұлттық руханиятқа сіңірген айрықша еңбегі үшін «АБАЙ» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Мерейлі марапат

Облыс төрінде өткен марапаттау рәсіміне Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев және Халықаралық Абай қорының төрағасы Ермек Бейсембаев қатысты. Абай жылын өткізуде жақсы тәлім көрсетіп, ақынның шығармашылығын насихаттауда белсене атсалысқан азаматтарға Алғыстарын білдірген.

Досым Қайырбекұлы 30 жылдан астам Абай және Шәкәрім мұрасын зерттеумен айналысып келеді. Абай еңбегін жастар арасында кеңінен насихаттауды мақсат еткен жазушының бір-неше кітабы жарыққа шыққан. «Абайтану» оқу құралы, «Абайтану курсы», «Абайдың рухани мұрасы», «Абай мұрасын қолдану жолдары», «Ұлылар үндестігі» сынды оқулықтары бүгінде оқырманның рухани ілімін, білімін толықтырып жүргені анық.

Келер ұрпаққа өшпес мұра болып қалған Абай шығармашылығының шоқтығы қашанда биік екені ақиқат. Еңбегінің оң бағасын алып, Абайдың рухани мұрасын дәріптеп жүрген жерлесімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.