Абай атындағы амфитеатр

Бүгін Орталық саябақтағы Амфитеатрдың ашылу салтанаты өтті. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында бой көтерген нысанға Абай есімі берілді.
Абай атындағы амфитеатр

Қала әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы осынау айтулы шарада жұртшылықты құттықтап, ел ырысын еселеу, халық игілігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру» деп қоғам дамуына, заман талабына сай жетілуіміз керектігін назарға алды. Облыс басшылығының зор қолдауымен қаланың әл-ауқаты мен келбеті артып келеді.

Амфитеатрдың құрылыс жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды. 228 орындық ашық аспан астында орналасқан амфитеатр – халық пен өнер мәдениетінің алтын көпірі іспеттес. Барлық мәдени шаралар, концерттер, әдеби кештер осында өткізілетін болады. Қала тұрғындары мен жастардың сүйікті орнына айналып, талантты, дарынды өнерпаздар шығармашылығын дамытатын өнер ордасы болары сөзсіз.

Орталық саябақты аббаттандыру жұмыстары әлі де өз жалғасын табады. Кәсіпкерлер аллеясы көркейіп, болашақта саябақ аумағында спорттық-сауықтыру кешені салынады.

Амфиатрдың салтанатты ашылуына қатысқан Текелі қалалық мәслихат хатшысы Н.Калиновский және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының директоры Т.Жұмәділов тұсаукесер рәсімін  жасап, қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Э.Иманбердиева мерекелік лебізін білдірді.

Қалыптасқан жағдайға орай барлық санитарлық нормалар сақталып ұйымдастырылған өнер кешінде Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары мен білім ордаларының жастары Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін оқып, Абай әндерін әуелетті.

Мерекелік шара қала тұрғындарына әлеуметтік желілер арқы-лы тікелей эфирде таратылды.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.