Абай күні – руханият мерекесі

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – Абай күні деп белгіленіп, мерекелер тізімі толықты. Мереке қарсаңында өткен шаралардың барлығы пандемияға байланысты халықтың амандығы үшін онлайн форматта өтті. Біртұтас қазақ баласын береке-бірлікке шақырып, адамгершілік пен ауызбіршілікке үндейтін ерекше мерекеге текеліліктер де өз үлесін қосты.
Абай күні – руханият мерекесі

• Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Абай күніне орай қаламызда көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетіне сурет салу өнері қолға алынған. «Алатау» шағынауданына қарасты Төле би көшесінің бойындағы екі үйдің көрнекті қабырғаларына ұлы тұлғалар Абай мен Төле бидің суреттері бейнеленіп, ғақлия сөздері таңбаланды. Бұл мурал «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынысымен жасалған.

Жеке суретшілер Абылай Бақытнұр мен Тұрсынбек Есім-ханның айтуынша, мұндай өнер туындыларына арнайы «alban» бояулары қолданылады екен, жаңбырға, аяз бен қарға төзімді келеді.

Бір суреттің биіктігі 3,5 метр болса, ені – 2,80. Әр әріп көлемі: 30х20 (нақыл сөздер), 15х10 (телефон нөмірі).

 

• Абай күні мерекесінің шырайын қалалық Мәдениет үйі өнерпаз-дарының арнайы әзірлеген «Абай – дана, Абай – дара» атты мерекелік концерті аша түсті, текеліліктердің рухын көтеріп, ұлы ақынның терең мағыналы сөздерінің мән-мазмұнын еселеді. Абай әндерінен сызылта орындалған попурри көпшіліктің көңілінен шықты.

 

• Қалалық кітапхана қызмет-керлері Талдықорған қаласының №28 ІТ лицей-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, педагог-зерттеуші Светлана Исаевамен онлайн-кездесу ұйымдастырып, өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие жөнінде әдемі әңгіме өрбітті. Ал, қалалық кітапхананың балаларға арналған филиалының қызметкерлері қалалық №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Утеповамен «Абай мұраларының тәрбиелік мәні» тақырыбында онлайн-кездесу өтіп, ұлы ақынның мағыналы толғамдарының жастар тәрбиесіндегі маңызы баяндалды.

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.