Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды
ОСМС   10.07.2024   205
Қонаев қаласының тұрғынында бұдан бөлек шап жарығы анықталған. Өзі тіркелген ауруханада қажетті зерттеуден өтіп, жоспарлы отаға жіберіліпті. Дәрігер-уролог Айдар Жанбатырұлы отаның 1 сағатқа созылып, сәтті аяқталғанын айтады. 
Жоғары технологияның көмегімен 9 млн теңгенің отасы МӘМС есебінен тегін жасалды
ОСМС   03.07.2024   134
Алматы облысына қарасты Қарасай аудандық орталық ауруханасында жыл басынан бері жүрек ауруларына байланысты 500-ден аса шұғыл және жоспарлы түрде күрделі оталар жасалған. Мұнда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру нәтижесінде науқастар тегіс тегін ем қабылдапты. Мекемеде эндоваскулярлық хирургия бөлімі 2022 жылы ашылған. Соңғы үлгідегі ангиограф аппараты да қойылған. Бүгінде жедел коронарлы синдром диагнозымен келіп түсетін науқастарға тиімді деңгейде көмек көрсетіп отыр. Яғни әртүрлі деңгейдегі инфаркт немесе инсултьпен түскен пациенттерге жоспарлы ота жасалады.
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ МЕН ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КҮШЕЮДЕ
ОСМС   28.06.2024   197
Қордың Жетісу облыстық филиалы Талдықорған қалалық емханасы, «Нұр-Авиценум», «ХАК» медициналық орталықтары, қалалық №2 емханасының және облыстағы орталық аудандық ауруханалардың ұжымымен кездесті.
Қонаев қаласында такси жүргізушілеріне МӘМС жүйесі кеңінен түсіндірілді
ОСМС   24.06.2024   270
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды іске қосылғанына биыл төртінші жыл. Жүйенің тиімділігі, оның мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасып келеді. ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиал өкілдері Қонаевтағы «Достар» такси қызметінің мамандарымен кездесіп, көлік жүргізушілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әкімбек Манасұлы МӘМС жүйесіне мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде қажетіне қарай ем алады, тіпті құны қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтер де МӘМС жүйесінде тегін жасалатынын атап өтті. Өз сөзінде медициналық қызмет екі пакет бойынша, яғни тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетінін жеткізді. 
Алматы облысында 1 млн 138 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесіне тіркелген 
ОСМС   24.06.2024   243
Дені саудың-жаны сау. Ол үшін денсаулыққа аса мән беруі керек екені мәлім. Бүгінде ауырмай ем іздейтіндер үшін арнайы қор жұмыс жасайды медициналық көмектің екі түрі бар. Ол тегін медициналық көмектің кепілдендірілген түрі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  болып екіге бөлінеді. 
Жыл басынан бері медициналық ұйымдарға 1 трлн теңгеден астам қаржы төленді
ОСМС   12.06.2024   358
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  2024 жылғы ақпан айының  қорытындысы бойынша медициналық қызметтерге төлем аудара бастады. 
Алматы облысында жүкті әйелге бір сәтте екі ота жасалды
ОСМС   12.06.2024   360
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының ЛОР дәрігерлері мен акушер-гинекологтары жүкті әйелге бір сәтте қос ота жасады. Келіншек ауруханаға мұрынның сол жақ бөлігінен тыныс жетіспеушілігі және қан кету шағымдарымен түскен.
Басты мақсат – сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту 
ОСМС   10.06.2024   361
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жыл басынан 3 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Бүгінде мекеме барлығы 77 жарым мыңдай адамға медициналық көмек көрсетуде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде 213 мыңға жуық қызмет көрсетілген. Олардың ішінде МРТ, Ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, рентген, электрокардиограмма сынды тексерулер бар. Бұл туралы МӘМС қорының облыстық филиалы директорының дәрігерлермен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары кезінде айтылды.
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘРТЕБЕҢІЗДІ ТЕКСЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ
ОСМС   05.06.2024   367
 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты мақсаттарының бірі - барлық азаматтарға, әлеуметтік жағдайына, тіпті тұрғылықты жеріне қарамастан, уақтылы сапалы медициналық көмекті қолжетімді ету. Әрбір тұрғынды әлеуметтік медициналық сақтандыруға тарту - бұл маңызды қағидат. Бұл жердегі маңызды мәселе әр азаматтың өз денсаулығына жауапты болуы және аурулардың алдын алу шараларына қатысуы, емханаларға барып  қажетті тексерулерден уақытында өтуі. Жеңіл немесе ауыр сырқаттар жоқ, әр адам үшін ауырып қалу үлкен күйзеліс және өмір сапасының төмендеуі болып табылады.
Алматы облысында автобус жүргізушілеріне МӘМС мүмкіндіктері түсіндірілді
ОСМС   03.06.2024   388
МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының директоры тұрғындар арасында МӘМС мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру үшін «Қапшағай автобус паркі» серіктестігіне барды. Мекеме ұжымымен кездесіп, жүргізушілерге сақтандырылған азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие екенін жеткізді.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.