Egov жаршысы

Қазіргі таңда халықтың цифрлық сауаттылығын дамыту өте қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Осыған орай, облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әр аудан, қалаларда «Egov.kz – жаршысы» жобасы өткізілуде.
Egov жаршысы

Жалпы, бұл жобаның мақсаты – қатысушы еріктілер өз тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісуге мүмкіндік беретін және кез келген азамат үшін қолжетімді ашық ақпараттық ортаны қалыптастыру, аталған механизмді арнайы оқытылған мамандардың көмегімен халық арасында кеңінен насихаттау және ақпараттандыру. Жастарды еңбекке, кәсіпке және қоғамдық белсенділікке баулу болып табылады. Өткізілген семинар тренингтарда қозғалған тақырыптар: шешендік өнер және егов жаршысының мақсаты, жалпы портал туралы мәліметтер, egov электрондық порталындағы қызметтері туралы тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Оқытылған жас еріктілер өз тәжірибелерімен қызмет көрсету орнында үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарымен айналысады.

Оқу семинары 3 күн аралығында өткізілді. Egov жаршысы аясындағы оқыту лагерінің бағдарламасында қызықты семинар тренингтар өткізіліп, жастардың уақытын үнемді және пайдалы етіп жұмсауы үшін интеллектуалдылық ойындар, топпен жұмыстар жүргізілді. Жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында жобаға қатысушылар арнайы сертификаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жазира Орынбекова

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.