Абай тағылымы – ұрпаққа өнеге

Ұрпақты Абай үлгі-сінде тәрбиелеу –ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.
Абай тағылымы – ұрпаққа өнеге

Абай мұрасы – адамды адам етіп тәрбиелеудің, жан-жақты дамыған зияткер тұлға қалып-тастырудың қайнары.

Биыл алғаш рет елімізде 10  тамыз Абай күні болып жарияланды.

Ұлы ақынның толық адам туралы айтқандары – өскелең ұрпақты Отанды сүю, құр-меттеу, ұлтжандылық, биік адамгершілікке бастайтын жол.

Сондай-ақ, Абай шығар-малары арқылы білім талаптарына қол созып қана қоймай, оның ұшар басынан көріне білу – бүгінгі таңдағы ұлттық болмысымыздың, адами мақсат-міндеттеріміздің бұлтартпас бағыт-бағдары.

 «Рухы күшті, дені сау, білімді ұрпақ – ел келешегі, келбеті» – деген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөзінің мәні ерекше. Тәрбие тал бесіктен бастау алып, шеберлікпен, бірізділікпен алтын ұя мектепте ұштасып жатса, нәтижелі болары даусыз. Ал мектепке дейінгі ұрпаққа Абай өлеңдерін үйрету, жаттату арқылы балалардың бойына ізгіліктің, адамгершіліктің рухани нәрлі дәнін егіп, жан-жақты тәрбиелейміз.

Абай шығармаларын Ұлттық құндылығымызды қашанда жо-ғары бағалауды мақсат еткен тәрбиешілердің тәрбие құралы деуге болады.

Биыл қазақтың Ұлы ақынының 175 жылдығы қарсаңында №2 балабақша мектепалды даярлық тобында бірнеше іс-шара өткізілді.

Солардың бірі балалар мен ата-аналар арасында «Абай өлеңдері сөйлейді» атты сурет байқауы және балабақша тәрбиеленушілері арасында «Абай өлеңдерін жатқа оқу» челенджі ұйымдастырылды. Осындай әдемі бастама осы тамыз айында тәрбиешілеріміз арасында онлайн форматта жалғасын тапты.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж. Ботантаева, тәрбиешілер Бабай Касира, Худияр Баршагүл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – Абай!» атты республикалық қашықтық олимпиадасына белсене қатысып,
І дәрежелі диплом иеленді.

Балабақша бүлдіршіндері Айдынқызы Аяла, Қайранбай Алихан, Ұлан Алихан, Айтбек Амира қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Edulife.KZ онлайн әдістемелік сайты ұйымдастырған І Республикалық Абай оқуларына қатысып үздік нәтиже көр-сеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Бар сұлулықты, эстетикалық көркемдікті бойына жинаған Абайдың өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады, саналылыққа тәрбиелейді.

Ұлы дана мұрасы білім, ғылымның ғана көзі емес, оның тағылымы – тәрбиенің де қайнар бұлағы.

Ұлы ақын бала тәрбиесіне, жалпы бала болмысына, баланың танымдық ерекшелігіне қатты көңіл бөлген. Сондықтан ол:

Адамның бір қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім, – дейді.

Б.Сәрсенбаева, №2 балабақша тәрбиешісі

 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.