Ұлтты ұйыстырған ұлы тұлға

Биыл «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхановның туғанына 155 жыл. Осыған орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткерінің туған күнінде Twitter-дегі парақшасында жазба жариялаған болатын. «Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті» деп жазды Мемлекет басшысы
Ұлтты ұйыстырған ұлы тұлға

Ұлтымыздың жоғын жоқтаған Әлихан Бөкейхан 1866 жылы бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Тарихтан белгілі, Әлихан жастайынан зерек, алғыр болып өскен. Әкесі оны Қарқаралыға алып барып, жергілікті молдадан білім алады. Бірақ кішкентай Әлихан оған қанағаттанбай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке өз қалауымен ауысады. Оны бітіргеннен кейін Қарқаралы қаласы-ның қазақ балаларына арналған мектепте жеті жыл оқыған.

Әлихан Бөкейхан –  Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым, әде-биеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист, миллиондаған қазақты «Алаш» идеясының төңірегіне топтастыра білген тұлға. ХХ ғасырдың басынан бастап Алашорда үкіметі тарағанға дейін ол ұлт мүддесі жолындағы күрестің бел ортасында жүрді.

 Ұлан-ғайыр жер, ана тіліміз, адам құқығы мен әділдік һәм қазақтың тұтас тәуелсіздігі. Ұлт көсемі болған Әлихан Бөкейхан осы қасиетті ұғымдар үшін күресті. Сол үшін талай тауқымет тартып, сол жолда жанын қиды. 1937 жылы 27 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан тұтқындалып, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кесіледі. Бұл туралы 2016 жылы жарық көрген Әлихан Бөкейханның шығармалары жинақталған кітапта жазылады. Алаш көшбасшысын өлім жазасына кесуге себеп болған «ауыр қыл-мыстарының» бірі – «жапонтанушы» деген айып болатын. Оның ең жақын, адал үзеңгілестерінің бірқатарын «жапонтыңшысы» деген нақақ айыппен қуғын-сүргінге ұшыратты. Бүгінде ұлт көсемінің аты өшкен жоқ. «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, бір сөзбен айтқанда – күрескер ретінде із қалдырды. Әлихан Бөкейхан қайраткер ғана емес, ұлттық мүдде үшін ізденген іргелі ғалым да. Рас, ұлы тұлғаның қалам тербеп, зерттемеген саласы кемде кем. Қазақ халқының жан-жақты дамуы үшін көп ізденді. Қазіргі таңда жазбалары жинақталып, том-том кітапқа айналды. Мәселен, 2018 жылы әлихантанушы, алаштанушы, ғалым Сұлтанхан Жүсіп 15 томдық жинағын мемлекеттің қолдауымен, 5 000 данамен жарыққа шығарды. Жинақта профессор, филология ғы-лымдарының кандидаты Сайлау Қожағұлов Алаш қайраткерінің толық өмір-баяны мен туындылары қамтылған дейді.

Жинақта Әлихан Бөкейханның баспасөз бет-терінде жарияланған мақалалары, азанамасы, корреспонденция, жеделхат, сөйлеген сөздері, әдеби сын, фольклорлық зерттеу, ашық хаттары, саяси сатиралары, әңгімелері, фельетондары жинақталып отыр. «Әлихан Бөкейхан» тұлғалық энциклопедиясына Ә.Бөкейханның өмірбаяндық деректері, қайраткерлік қызметі, ғылыми, публицистикалық, аударма мұралары туралы мақалалары, Алаш қозғалысына қатысты мағлұматтар, Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары қамтылған.

Бұдан бөлек, Сайлау Қожағұлов Алаш қайраткерін «Абайтанушы» дейді:

Абайдың асыл мұрасын аман сақтап, бүкіл халыққа таралуына, шығуына да Алаштың көсемінің тікелей қатысы бар. 1909 жылы Абайдың балалары һәм інілерінің ризалығы һәм Әлиханның ыждаһатымен Абай кітабы Петербургте Бураганский баспаханасында басылып шықты. Ә.Бөкейханның шығармашылығында  ерекше орын алатын тұлғаның бірі әрі бірегейі – Абай Құнанбаев. Ә.Бөкейхан «Абай Құнанбайұлы» мақаласында: «Оның өлеңі – қазақ мақтанышы. Алашта рухани шығармашылықты мұншама асқақтатқан Абайға дейін ақын болған емес, – деп жазған.

Ә.Бөкейхан қылы-шынан қан тамып тұрған тұста империяға қарсы күресті. Алаш арысы қазақтың түбі тәуелсіздік аларын көре білді. Олай деуге себеп, «Ұлт көсемі» атанған мемлекет және қоғам қайраткері 1917 жылы жалпы Сібір съезі қазақ депутаттары деген мақаласында: «Қазақ баласы бүгін болмаса ертең өз тізгіні өзінде жеке мемлекет болады» деп жазған. Осы жылы қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспатұс келді.

 Айта кету керек, Алаш қайраткерлері жайлы «Тар заман» атты көп сериялы туынды көгілдір экранға жол тартқан болатын. Фильмде Алашорда үкіметін құру жолындағы ортақ мұратқа топтасқан Алаш зиялыларының өмірі суреттелген. Бас-ты кейіпкер Әлихан Бөкейхановтың тартысқа толы драмалық өмірі көрсетілген. Оның ел үшін күрескен еңбегі, айналасына топталған тарихқа белгілі тұлғалармен байланысы, көзқарасы мен ұстанымы, махаббаты мен тағдыры көркемдік шеберлікпен өріледі. Қазақ даласының Ақпан төңкерісін қалай қабыл-дап, Қазан төңкерісінен кейінгі өзгерістер арқау болады. Телехикая Әлиханның Алаш жұрты ұстануға тиісті бес ұстанымы төңірегіндегі аманат ойларымен түйін-деледі.

Тарихи туынды 40 минуттық 12 сериядан тұрады, 37 тарихи тұлға сомдалға

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.