«Сүйікті қала суреттері» фотобайқауы

Текелі қаласының 70 жылдығына арналған «Сүйікті қала суреттері/ Фотографии любимого города» атты фотобайқау өткізіледі.
«Сүйікті қала суреттері» фотобайқауы

Фотобайқауға жұмыстарды қабылдау 2022 жылғы 1 қыркүйекте аяқталады. Байқауға Текелі қаласының аумағында түсірілген материалдар (фотосуреттер) қабылданады.

Байқауға қатысуға кез келген тілек білдіруші шақырылады.

Байқауға ұсынылған барлық жұмыс «Сүйікті қала суреттері/Фотографии любимого города» негізгі тақырыбына сәйкес келуі тиіс. Байқауға түрлі-түсті және ақ-қара түсті жұмыстар қабылданады.

Фотосуреттер басып шығарылған және электронды түрде ұсынылуы тиіс. Басып шығарылған түрде: 60х80 альбомдық форматта, электрондық фотосуреттер – JPЕG форматында (кеңейтілген түрде – .jpg, .jpeg).

Әрбір суреттің артқы жағында «жоғарғы» деген сөзбен оның жоғарғы бөлігі белгіленеді, сондай-ақ суреттің авторын, түсірілім орны мен уақытын, фотожұмыстың атауын, номинациясын көрсететін жазу жазылады.

Фотобайқауға ұсынылған фотолар байқау талаптарына қатаң сәйкес келуі тиіс. Басқа авторлардың фотосуреттерін пайдалануға (толық немесе іші-нара), байқауға қатысушыға тиесілі емес жұмыстарды, интернет желісінен жүктелген суреттерді пайдалануға тыйым салынады.

Фотобайқауға келесі фотосуреттер қабылданбайды:

- байқау тақырыбына сәйкес келмейтін;

- конкурс ережелеріне сәйкес келмейтін мөлшер-мен;

- фотосуреттің бұрышындағы күнмен;

- копирайт және әртүрлі жазулармен;

- шын мәнінде жоқ нысандардың бейнесімен;

- үшінші тарап ресурстарының логотиптері мен мекенжайларын пайдалану.

Фотобайқауға зорлық-зомбылық, нәсілдік, ұлттық немесе діни төзімсіздік элементтері, сондай-ақ жалаңаштанған бейнелі суреттері бар жұмыстар қабылданбайды. Конкурсқа техникалық сапасы қанағаттанарлықсыз фотосуреттер қатыспайды.

Түсін, контрасты, айқындықты жақсарту мақсатында фотосуреттерді өңдеуге болады. Автор номинацияда 3-ке дейін, фототүсірілімде 4-ке дейін фотосуреттерді ұсына алады. Егер байқауға ұсынылған фотосуреттер жарияланса немесе көрмеде көрсетілсе, конкурсты ұйымдастырушылар осы фотосуреттерде объективке ілінген адамдардың шағымдарына жауап бермейді. Қатысушының өтінімінде қамтылған ақпарат жалған болып анықталған жағдайда, байқаудың Ұйымдастыру комитеті жүлдені кері қайтарып алады және байқау нәтижелерінің жария күшін жоюды қоса алғанда, кез келген қажетті шараларды қабылдау құқығын сақтайды.

Фотобайқауға қатысты барлық сұрақ бойынша эл. пошта: tekeli_owp@mail.ru; жұмыс тел.: 8/72835/79101; ұялы тел.: 8 775 126 89 77 нөміріне хабарласуға болады.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.